7 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Шымкентте ауызашарға дайындық кезінде қайғылы оқиға орын алды

    Тағы алты адам зардап шекті, олардың төртеуі Шымкенттің күйік орталығында емделіп жатыр.

    Түркістан облысының Ақсукент елді мекеніндегі дәмханада газ баллоны жарылды. Ер адам мен бала ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстаноблыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    9 мамыр күні кешке Шымкенттен 40 шақырым жердегі Ақсукент елді мекеніндегі дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, трагедия 60 жастағы дәмхана қожайыны бес жасар немересімен бірге ауызашарға тамақ пісіріп жатқан кезде болған. Екеуі де қатты күйіп қалып, шұғыл Сайрам ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Зардап шегушілердің денесінің 95 проценті күйіп қалған. Олар шұғыл жан сақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды.  

    Оларға бірнеше күрделі ота жасалды, дегенмен өмірін құтқарып қала алмаған.   

    “Дәрігерлер бар күшін салғанмен, зардап шегушілерді аман алып қала алмады. Ер адам мен бала көз жұмды”, – деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы.

    Жарылыс кезінде тағы алты адам зардап шекті. Екеуі жеңіл жарақат алған, оларға сол жерде көмек көрсетілді. Тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды, қазіргі таңда зардап шегушілер Шымкенттің күйік орталығына орналастырылыпты. Дәрігерлер денесінің 75 процентін күйік шалған әйелдің өмірі үшін күресіп жатыр. Орта дәрежеде күйік шалған қалған үшеуі ауруханада емделеді.

    Полиция трагедияның мән-жайын анықтап жатыр. 

    қатысты посттар

    Шымкент: Елтайда су тасқынынан қатты зақымданған үйлер жоқ

    Фариза

    «Қандастарды қаңғытып жіберді» – заңгер СҚО-дағы аудан әкімін жауапқа тартуды талап етті

    Фариза

    Жамбылдағы жарылыстан 118 нысан қираған. Қайта қалпына келтіру жұмысы қалай жүріп жатыр?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.