7 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Тастаушы болмаңдар” Сәресі туралы не білуіміз керек?

    6 мамырда басталған қасиетті Рамазан айы 4 маусымда аяқталады. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз

    Ораза тұтушы үшін таң атпай тұрып ас-су ішіп, құлшылыққа қамдануы мұстахаб амал саналады. Мұны сәресі деп атайды.

    Әнас бин Малик (р.а.): “Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар”, – деген хадисті риуаят еткен.

    Сәресінің берекеті

    Сәресі ішу дегеніміз – сүннетті орындау, кітап иелеріне ұқсап қалмау, құлшылыққа күш-қуат жинау, белсенділікті арттыру, аштық себепті жаман мінездің пайда болуын алдын алу, садақа беруге жігерлендіру, дұға-тілек етуге мүмкіндік.

    Сәресінің бірнеше хикметі бар, олар:

    • Құлшылыққа күш-қуат беруі.
    • Кітап иелеріне ұқсамау. Өйткені, олар ораза тұту үшін сәресі ішпейді. Амр бин Ас (р.а.) Пайғамбарымыздың: “Біз ораза мен кітап иелерінің оразасының айырмашылығы – сәресі ішуде”, – дегенін жеткізген.

    Сәресі уақыты

    Хадисте Зайд бин Сабиттің (р.а.) Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге сәресі ішіп, сосын намазға тұрады. Әнас: “Екеуінің арасы қанша уақыт болды”, – деп сұрағанда, Зайдтың: “Елу аят шамасынша”,– деп жауап бергені баяндалады.М

    Бұл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таң атқанға аз уақыт қалғанға дейін сәресі ішкенін білдіреді.

    Сәресінің мөлшері

    Әбу Сағид Худрий (р.а.): “Сәресі – берекелі ас. Оны тастаушы болмаңдар. Тіпті, бір жұтым су ішсеңдер де…, – деген риуаят жеткізеді.

    Ең абзал сәресі

    Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: “Мұсылманның сәресісі болған құрма неткен тамаша”, – деп айтылған. Демек, сәресіде құрма жеу де абзал амалдар қатарына жатады, деп жазады muftyat.kz.

    Рамазан айы қашан басталады?

    6 мамырда басталған қасиетті Рамазан айы 4 маусымда аяқталады. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз.Р

    Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусымда Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.

    қатысты посттар

    Шымкент: Еңбекші ауданында биыл 64 аула абаттандырылады

    Фариза

    Алматыда Назарбаев атауының орнына гүлдер ілінуде

    Фариза

    Шешіндіріп, дубинкамен ұрады – Шымкент түрмесінің сұмдығы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.