9 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысының әлеуметтік мониторинг нәтижелерін Талдау

    Облыста 2018 жылдың бірінші тоқсанында ҚСА мониторингінің біріңғай әдіснамасы бойынша ішкі саясат басқармасымен қоғамдық-саяси ахуалды  зерттеудің тоқсан сайынғы әлеуметтік мониторингі жүргізілді. Барлығы 1000 адамға сұрақтар қойылды. Әлеуметтік ақпарат жинағы жеке сұхбат түрінде өткізілді . Әлеуметтік зерттеу облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласында жүргізілді.

    І. Әлеуметтік көңіл-күй көрсеткіштері        

    Зерттеу барысында әлеуметтік көңіл-күйдің маңызды аспектілерінің бірі ретінде облыс халқының әлеуметтік әл-ауқаты дәстүрлі көрсеткіштерімен өлшенді: жалпы өмір сүру деңгейіне қанағаттану (әлеуметтік бейімделу) және отбасының қаржылық жағдайын өзіндік бағалау (ағымдағы, күтілетін).

    Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, облыс тұрғындарының өмірге қанағаттану деңгейі айтарлықтай жоғары. Оң бағалаудың жалпы үлесі («толық қанағаттанамын», «қанағаттанатын сияқтымын», «бәрі жақсы, өмір сүруге болады») 93,1%-ды құрап, «қанағаттанбайтындар» 4,78%-ды құрады.Өңірлік тұрғыдакөбіне өз өмірлеріне қанағаттанбайтындар Т.Рысқұлов ауданы (8,82%) мен Тараз қаласының (10,87%)тұрғындары.            Сондай-ақ, жамбылдықтардың арасында әлеуметтік оптимизмнің деңгейі айтарлықтай жоғары. Сұралғандардың басым көпшілігі (84,84%) өмірлерінің айтарлықтай жақсы жаққа өзгеретініне, өмірлерінің біршама жақсаратынына сенімді. Сұралған респонденттердің әрбір оныншысы (10,03%) өмірлерінде елеулі өзгеріс болады деп күтпейді. Пессимистік көзқарастағы азаматтардың үлесі тек1,33%-ды құрады,олар өміріміз әлдеқайда нашар және біршама нашар болады деп санайды. Бұл ретте Шу ауданы(3.03) мен Тараз қаласы (3.04%) тұрғындары пессимистік сынай таңытады. Респонденттердің материалдық әл-ауқатының бағалануы материалдық игіліктердің жақсы және орташа деңгейіне ие топтағы адамдардың (93,14%),материалдық жағдайы төмен «айлықтан айлыққа дейін әреңжетеміз, ақша тамаққа да жетпейді» дейтін экономикалық тұрғыда кедей топтағы адамдардан (3,67%) әлдеқайда жоғары екендігін көрсетті.Өңірлік тұрғыда кедей адамдар Сарысу(8,0%) мен Шу (7,58%) аудандарында көбірек.

    2. Әлеуметтік-экономикалық жағдай

    Қоғамдық пікір өлшемдерінің мәліметтеріне сәйкес, респонденттердің 87,5%-ы Қазақстанның экономикалық жағдайын игілікті және игілікті сияқты деп сипаттады.            Қазақстанның экономикалық жағдайын игіліксіз және игіліксіз сияқты деп санайтындардың үлесі–7,35%-ды құрады.Өңірлік тұрғыда елдегі экономикалық ахуалдың жай-күйін сыни бағалау Т.Рысқұлов (20,59%) және Талас (17,65%) аудандарының тұрғындарына тән. Жалпы алғанда, тұрғылықты жеріндегі экономикалық жағдайын респонденттердің оң бағалауларыанықталды.            Сонымен, тұрғылықты жеріндегі экономикалық жағдайды игілікті және игілікті сияқты деп бағалайтындар 88,65%-ды құрады. Керісінше, тұрғылықты жеріндегі экономикалық жағдайды игіліксіз және игіліксіз сияқты деп бағалайтын респонденттердің жалпы саны 6,64%-ды құрады. Аймақтар арасында өздерінің елді мекендеріндегі экономикалық жағдайдыанағұрлым сыни бағалағандар Талас ауданы (17,65%) мен Тараз қаласының (15,65%) тұрғындары болды. Елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда, өзінің тұрғылықты жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты пікірлер келесідей:

    Респонденттердің жартысынан азырағы (41,64%) басқа өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсырақ деп санайды, ал әрбір үшіншісі (30,72%) басқа өңірлердегі өмір жақсы дейді. Және де тек 14,45%-ы еліміздің басқа өңірлеріндегідей жақсы деп санайды.

    Еліміздің басқа өңірлеріндегіәлеуметтік-экономикалық жағдайды сыни бағалаудың жиынтық үлесі 10,24%-ды құрады. Яғни, респонденттердің 1,71% -ы басқа өңірлердегі өмір бірдей нашар, 5,97%-ы нашарырақ, 2,55%-ыәлдеқайда нашар дейді.

    Жалпы,өлшем мәліметтері аймақтағы және елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды оң қабылдауды, сондай-ақ, облыс тұрғындарының басым көпшілігінің позитивті әлеуметтік көңіл-күйін көрсетеді.

    Зерттеу барысында респонденттерге өздерін мазалайтын мәселелердің маңыздылығын бағалау ұсынылды.

    Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, облыс тұрғындарын алаңдататын ең өзекті мәселелер төмендегідей:

    Респонденттердің басым бөлігі ең қажетті тауарлар мен коммуналдық қызметтерге бағалардың өсуіне алаңдайды. Сауалнамаға қатысушылардың орташа 65,25%-ы бұл мәселені маңызды деп санайды. Аймақтар көлемінде Жамбыл (84,31%), Жуалы (96,88%) және Шу (80,3%) аудандарының тұрғындары ең қажетті тауарлар мен коммуналдық қызметтерге бағалардың өсуіне алаңдаулы.

    Сондай-ақ, Жамбыл ауданы тұрғындарының өмірлерінде қолайсыздық тудырып,алаңдататын маңызды мәселелер рейтингінде теңгенің құнсыздануы, инфляция (46,9%) және жанар-жағармай бағасының өсуі (54,03%) болды.

    Өңірлік тұрғыда жанар-жағармай бағаларының өсуі Жуалы ауданының тұрғындарын (81,25%), теңгенің құнсыздануы, инфляция Сарысу ауданының әрбір екінші тұрғынын (60,0%) мазалайды.

    Респонденттердің үштен бірі үшін мына проблемалар алаңдаушылық туғызып отыр: діни секталардың таралуы мен лаңкестік акт қауіпі (34,68%), жұмыс орындарының қысқаруы, жұмыссыздық (33,78%), қылмыс (30,99%), сыбайлас жемқорлық, үкімет қызметіне күмән (33,4%), автокөлік жолдары сапасыныңнашарлығы (39,61%), медициналық қызметтердің сапасы (33,84%), жастарды жұмыспен қамту (34,57%), тұрғын үйді қолжетімді бағамен алу мүмкіндігі (38,45%). Талдау көрсеткендей, діни секталардың таралуы мен лаңкестік акт қаупі проблемалары Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарын (58,82%) алаңдатады, жұмыс орындарының қысқаруы мен жұмыссыздық көбіне Талас ауданының тұрғындарын (58,82%) мазалайды, қылмыс үшін көбіне Жамбыл ауданының тұрғындары (52,94%) алаңдайды, сыбайлас жемқорлық проблемалары Тараз қаласының тұрғындарын (54,35%) мазалайды, автокөлік жолдары сапасының нашарлығы көбіне  Шу ауданының тұрғындарын (69,7%) алаңдатады, медициналық көмектің сапасы, жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үйге қолжетімділік Сарысу ауданының(60,0-68,0%) тұрғындарын көбіне мазалайды.

    Сонымен қатар, басым проблемалардың қатарында, сұралғандардың әрбір төртіншісімен:еңбекақы,зейнетақы мен жәрдемақылардың төмен деңгейі (28,66%), жұмыс орындарында еңбек құқықтарының сақталмауы (22,50%), білім беру сапасының төмендігі (26,97%), ауыз сумен қамту (26,57%), қоршаған ортанын ластануы, экологиялық проблемалар (27,41%) айтылған. Өңірлік тұрғыда еңбекақы,зейнетақы мен жәрдемақылардың төмен деңгейі Жамбыл ауданының әрбір екінші тұрғынын (56,86%) қанағаттандырмайды, еңбек құқықтарының сақталмауына Тараз қаласының тұрғындары (43,91%) алаңдайды, білім беру қызметінің сапасының төмендігі көбіне Сарысу ауданының тұрғындарын(68,0%) елеңдетеді, сапалы ауыз судың болмауы Шу ауданының тұрғындарын (48,48%) алаңдатуда (48,48%), экологиялық мәселелерге Сарысу ауданының тұрғындары (64,0%) шағымданады.

    Проблемалардың өзектілігіне қарай, одан әрі респонденттерді: еңбекақыларын уақытылы төлеу (20,12%),  әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіздігі, әлеуметтік қорғалмау (21,03%), ХҚКО жұмысының сапасы (19,89%), маскүнемдік (21,99%)және нашақорлық (20,69), этносаралық және конфессияаралық қатынастар (14,19%) проблемалары мазалайды.

    Өңірлік тұрғыда, талдауға сәйкес, жалақыны уақтылы төлеу мәселесі Тараз қаласының тұрғындарын мазалайды (41,74%), әлеуметтік кепілдіктердің төмен деңгейі, әлеуметтік қорғалмау және ХҚКО жұмысының сапасы Сарысу ауданының тұрғындарын алаңдатады (44,0%),маскүнемдікпен есірткіге тәуелділік мәселелері Жамбыл ауданыны тұрғындарын көбіне мазалайды (43,14%), ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар жағдайы Сарысу ауданының тұрғындарын (44,0%) көбіне алаңдатады.

    Жалпы өлшем нәтижелері өзекті мәселелер контексінде облыс халқының әлеуметтік әл-ауқат динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.

    Өлшем нәтижелері көрсеткендей, аймақ тұрғындарын мазалайтын проблемаларды мемлекеттік органдардыңшешуін күту факторы жоғары дәрежеде. Осылайша, респонденттердің 82,23%-ыөзекті мәселелердің мемлекеттік органдармен шешімін табатындығына сенімді, олардың әрбір екіншісі  (54,81%) «иә», 27,42%-ы жоқтан гөрі иә деп көрсеткен.

    Респонденттердің 13,62% -ы бұған қарсы пікір білдіріп, олар иәдән гөрі жоқ және нақтылы жоқ деп жауап берген. Өңірлік тұрғыдасенімсіздік көзқарас Т.Рысқұлов ауданы (20,59%) мен Тараз қаласы (23,04%) тұрғындарының әрбір бесіншісінде байқалады, оларөздерін мазалайтын проблемалар мемлекеттік органдарменшешілмейді дейді. Сондай-ақ, жауап беруге қиналғандар үлесі4,15%-ды құрады.

    Зерттеу барысында жамбылдықтардың көші-қон көңіл-күйлері анықталды. Мәселен, «Сіз өзіңіз тұрып жатқан  жерді тастап кетуді қалайсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің жартысынан көбі, яғни 60,65%-ы бір жерге қоныс аудару немесе кетуге ниеттерінің жоқтығын білдірген.

    Респонденттердің 30,21%-ы өздерінің тұрғылықты жерін өзгертуге дайын, олардың 16,42%-ы облыс аймағындағыбасқа елді-мекенге, 13,79%-ы – Қазақстанның басқа аймағына қоныс аударғылары келетіндіктерін мәлімдеген. Облыс көлемінде көші-қондық көңіл-күйді көбіне Меркі ауданының тұрғындары (30,91%) байқатады, Қазақстанның басқа облысына көшу ниетінТалас ауданының тұрғындары (29,41%) білдірген.

    Басқа елге кеткісі келетіндердің үлесі тек 4,21%-ды құрайды. Өңірлік тұрғыда Тараз қаласының тұрғындары (16,52%) елден кетуге ниетті.

    Тұрғылықты жерді өзгертуге деген ниеттің негізгі себептері – жұмыс іздестіру, табыс табу (20,15%), жақсы өмір сүру жағдайына деген ұмтылыс (15,58%), болашаққа деген сенімсіздік (10,43%) болып отыр.

    Өңірлік тұрғыда,көбінесе жұмыс іздеу, табыс табу және өмір сүру жағдайларын жақсарту – Меркі ауданының тұрғындары (40,48% және 27,38%) үшін мекенжай өзгертуге басты себепболып табылады.

    Болашаққа деген сенімсіздік– Жамбыл және Талас аудандарының тұрғындарының көші-қондық көңіл-күйіне себеп болды (әрқайсысы 16,67%).

    Сонымен қатар, жамбылдықтар мынадай себептермен мекенжай ауыстыруға ниетті: қолайсыз экология (5,44%), білім алуға ұмтылу (5,24%), балаларды тәрбиелеу және дамыту үшін мүмкіндіктердің жеткіліксіздігі (5,33%), әлеуметтік инфрақұрылым дамуының төмен деңгейі (3,17%) және т.б.Өңірлік тұрғыда, экологиялық проблемалар – Талас ауданының тұрғындары үшін (14,58%), жақсы білім алуға деген ұмтылыс –  Қордай ауданының тұрғындары үшін (13,25%), балаларды тәрбиелеу мен дамыту үшін мүмкіндіктер –  Шу ауданының тұрғындары үшін (12,77%), әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту деңгейінің төмендігі – Т. Рысқұлов ауданының тұрғындары үшін (7,14%)түрткі болуда.

    3. Билік және мемлекеттік органдарға деген қарым-қатынас

    Жалпы, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан ішкі саясат облыс халқының абсолюттік көпшілігінің арасында қолдау табуда – 87,12% (толығымен қанағаттандырады –  64,40%, біржағынан қанағаттандырса, біржағынан қанағаттандырмайды –  22,72%). Ал респонденттердің әрбір он үшіншісі (6,88%) жалпы ішкі саясатқа қанағаттанбайтындықтарын білдіріп, қарама-қайшы пікірді ұстанады. Өңірлік тұрғыда, Т.Рысқұлов пен Талас аудандарының тұрғындары (әрқайсысының 17,65%-ы) мемлекетпен жүргізіліпжатқан ішкі саясатқа қанағаттанбайтындықтарын білдіріп сыни көзқарас танытқан.

    Шамамен ұқсас көрсеткіштер мемлекетпен жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік саясатты қолдау деңгейінде қалыптасты.

    Осылайша, респонденттердің 86,44%-ы елдегі экономикалық саясатты, 86,29%-ы әлеуметтік саясатты қолдайды.

    Сонымен қатар, әрбір он жетiншi респондентті (5.62%) мемлекеттiң экономикалық саясаты қанағаттандырмайды, ал әлеуметтiк саясатты қолдамайтындардың үлесi–  7,16%-ды құрады. Өңірлік тұрғыда, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік саясатты қолдамайтындардың ең көбі Шу және Талас аудандарының тұрғындары арасында (9,09% және 14,71%) байқалды.

    Зерттеу нысанында, аймақтағы тұрақтылықты көрсететін тағы бір маңызды фактор ретінде, қоғамдық және саяси институттарға деген тұрғындардың сенімі болды.

    Жалпы, зерттеу көрсеткіштеріне сәйкес, жамбылдықтардың орталық және жергілікті билік органдарына деген көзқарастары түзу.

    Мемлекет  пен облыстың бірінші басшыларына деген сенім рейтингтері тұрақты жоғары болуда: ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті және барлық деңгейдегі әкімдер.

    Облыс тұрғындарының басым көпшілігі мемлекет Басшысының Қазақстан халқының әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталған бағытын мақұлдайды және қолдайды. Мемлекет басшысының сенімділік рейтингісі 98,11%-ды құрады.

    Сәйкесінше, сенімнің жоғарғы көрсеткіштері ҚР Үкіметі (94,38%) мен ҚР Парламентіне (92,34%) қалыптасқан.

    Сот жүйесіне сенім көрсеткіші 89,88%-ды құрады.

    Облыс әкімінің сенім рейтингі (94,42%) өзгеріссіз жоғары болып қалуда.

    Ауылдық округ әкімдерінің сенім көрсеткіші болмашы төменірек (92,08%).

    Барлық деңгейдегі мәслихаттарға сенімділік көрсеткіші бірдей дерлік қалыптасты. Яғни, облыстық мәслихатқа– 90,93%, аудандық мәслихатқа респонденттердің 90,51%-ы сенім білдіреді.

    Құқық қорғау органдарының сенім рейтингі 88,49%-дық деңгейге жетті.

    Азаматтық қоғам институттары арасында сенім деңгейі тұрғысында Қазақстан халқы Ассамблеясы (90,39%) көш бастап тұр.

    Одан кейінгі сенім деңгейі бойынша саяси партиялар мен Қоғамдық кеңестер, оларға жалпы алғанда 88,25% және 89,19% сенім білдірген.

    Одан әрі үкіметтік емес ұйымдар (86,67%) мен кәсіподақтарға (86,5%) тең дәрежеде сенім білдіріледі.

    Сәйкесінше, тең сенім индикаторлары этномәдени (87,45%) және діни (84,85%) бірлестіктерге артылады.

    Сондай-ақ, сауалнама нәтижелеріне сәйкес, сенімнің салыстырмалы түрде жоғары деңгейі бұқаралық ақпарат құралдарына (89,54%)қалыптасты.

    Саяси партиялар арасында танылуы мен ақпараттандырылуы тұрғысынан көшбасшылар үштігін– «Нұр Отан» (87,47%), «Ақ жол»(6,43%), ҚХКП (1,71%) партиялары құрады.

    «Ауыл» (1,67%), «Бірлік» (0,81%) және «ЖСДП» (0,36%) партияларында танылудың төмен деңгейлері байқалды.

    Өлшем нәтижелеріне сәйкес, «Егер алдағы жексенбіде ҚР Парламентіне сайлау өтетін болса, Сіз келесі партиялардың қайсысына дауыс берген болар едіңіз?» деген сұраққа саяси партиялар арасында «Нұр Отан» партиясы едәуір алдыңғы қатарда тұр, оған орташа есеппен Жамбыл халқының 86,75%-ы дауыс берер едік деп жауап берген.

    Рейтингтік тізімінде екінші болып «Aқ жол» партиясы орналасты, оған респонденттердің 3,69%-ы дауыс беруге дайын.

    Үшінші орында – ҚХКП, оны қолдайтындар 1,7%-ды құрады.

    Қалған партияларға дауыс беру рейтингі айтарлықтай емес, Бірлік партиясы – 0,42%, Ауыл партиясы – 1,22%.

    4. Қоғамдық-саяси ахуал мен наразылық көңіл-күй

    Қоғамдық пікірдің өлшем нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 91,32%-ы елдегі қоғамдық-саяси ахуалдысәтті және сәттірек деп сипаттады.

    Елдегі қоғамдық-саяси жағдайды сәтсіз және сәтсізірек деп  бағалап, қарама-қарсы пікірді ұстанатындар – 4,78%-ды құрады. Өңірлік тұрғыда елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың теріс бағалануы Т.Рысқұлов ауданы (11,76%) мен Тараз қаласының (10,46%) әрбір оныншы тұрғыныныңжауаптарынан байқалды.

    Әлеуметтік зерттеу деректеріне сәйкес, респонденттердің өз елді-мекендерінде наразылық акциялары немесе жаппай демонстрациялардың орын алу ықтималдығы туралы пікірлерікелесідей:

    Респонденттердің 35,54%-ы мұндай ықтималдылықтың әлбетте бар және болуы мүмкін десе,  респонденттердің 54,4%-ы мұндай ықтималдылықтың жоқтығын және мүмкін еместігін айтып, қарсы пікірбілдіреді.

    Сондай-ақ, әрбір оныншы (10,07%) респондент  өз елді-мекендерінде мұндай жағдайлардың ықтималдығы туралы сұраққа жауап беруге қиналған.

    Наразылық акциясының орын алуына ықтимал себеп ретінде көбіне экономикалық мәселелер көрсетілген: жұмыс орынынан қысқару, жұмыстан босатылу (8,19%), негізгі тауарларға бағаның өсуі (23,29%), жалақыны төлемеу (7,85%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық проблемалары (8,35%).

    Сондай-ақ, наразылық акцияларын тудыруы мүмкін себептер ретінде: жергілікті басқару органдарының әділетсіз шешімдері мен әрекетсіздігі (5,90%), банк қарыз алушыларының проблемалары, мәселен, ипотека (4,92%), қоғамдық көлікпен байланысты проблемалар (4,82%), қоршаған ортаның ластануы, экологияға қатысты проблемалар (2,99%), қоғамдық қауіпсіздіктің нашарлауы (2,79%).

    Әлеуметтік наразылықтың көрінуіне себеп болу рейтингісіндеоппозициялық партиялар мен қозғалыстарға қарсы күрес, мигранттар санынын көбеюі (заңды және заңсыз еңбек мигранттары), этникалық тұрғыда құқықтың бұзылуы, діншілдердің құқықтарына шек қойылу секілді мәселелер бір пайыздан сәл жоғары көрсеткішті құрады.

    Өз құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда, құқықтарын қорғау ретінде, респонденттердің әрбір бесіншісі (22,73%) шағымдануға (ауызша немесе жазбаша шағымдар) және наразылық мазмұндағы үндеухат немесе басқа да материалдарды таратуға дайын. Өңірлік тұрғыдамұндай әрекеттердің жақтастары көбінеБайзақ ауданының тұрғындары арасында (30,2%) байқалды.

    Сонымен қатар, өз құқықтарын қорғау үшін БАҚ-қа, әлеуметтік желілерге жүгінуге бейімдер 18,96%-ды құрады. Өңірлік тұрғыда наразылықты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы көрсетуге көбіне Байзақ (34,9%), Қордай (26,84%), Меркі аудандары (28,87%) мен Тараз қаласының (26,42%) тұрғындары дайын.

    Респонденттердің тек 8,1%-ы өз құқықтарын және мүдделерін қорғаудың радикалды әдістерін қолдануға даяр, атап айтқанда: митингке шығуға,демонстрацияларға қатысуға1.98%, ереуілге қатысуға 1,63%, оппозициялық партиялар мен қозғалыстардың жұмысына қатысуға–  1,23%, талаптарды қанағаттандыру мақсатында аштық жариялауға –  0,7%, жекеше пикет ұйымдастыруға –  0,57%, қару-жарақты қолдануға–  0,48%, тұрғылықты жерін өзгерту, басқа елге кетуге–  1,35%, көпшілік алдында өзіне-өзі қол жұмсауға қоқан-лоқы көрсетуге–  0,16% даяр. Өңірлік тұрғыда наразылықтың мұндай ымырасыз түрлерінекөбіне  Байзақ (18,79%) және Қордай (15,79%) аудандарының тұрғындары жүгінбек.

    Сонымен бірге респонденттердің әрбір төртіншісі (25,95%) дерлігі өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудабейбіт және мәдениетті әрекеттерге баратындықтарын білдіреді. Өңірлік тұрғыда бұл позиция Жуалы (69,23%), Мойынқұм (47,83%) және Шу (50,72%) аудандарының тұрғындарына тән.

    Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, облыс тұрғындарының наразылық әлеует деңгейінің жоғары еместігі анықталды. Атап айтқанда, «Егер Сіз тұрып жатқан елді-мекенде наразылық акциялары немесе жаппай шеруге шығу өткізілсе, Сіз қатысар ма едіңіз?» деген сұраққа, сұралғандардың жартысынан көбі (58.79%) жоқ деп жауап берді. Өңірлік тұрғыда,Жуалы (87,5%), Мойынқұм (76.19%), Шу (74.24%) аудандары тұрғындарыныңнаразылық акцияларға қатысуға ниеттері жоқ.

    Респонденттердің тек әрбір он төртіншісі(7,2%) жауап беруге қиналатындықтарын білдіріп, белгісіз позицияны иеленді.

    Қорытынды

    Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері облыс пен еліміздегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын көрсетеді.

    2. Облыс тұрғындарымен өмірге қанағаттанудың жоғары деңгейі анықталды. Осылайша, өлшем нәтижелеріне сәйкес, қазіргі кезеңдегі өмірлеріне қанағаттанған респонденттер 93,1%-ды, керісінше қанағаттанбайтындар 4,78%-ды құрады.

    3. Облыс тұрғындарын мазалайтын әлеуметтік проблемалар ретіндеоблыс тұрғындары көбіне азық-түлік бағаларының өсуі, теңгенің құнсыздануы, инфляция және жанар-жағар май бағасының өсуімәселелерін көрсетті.

    4. Халықтың басым көпшілігі (82,23%) өзекті мәселелер мемлекеттік органдармен шешілетіндігіне сенімді.

    5. Халықтың басым бөлігі 60,65% аймақтан кетуге ұмтылмайды. Қазақстаннан тыс жерлерге көшу ниеттерінің деңгейі 4,21%-ға жетті.

    6. Мемлекетпен жүргізіліп жатқан ішкі, экономикалық және әлеуметтік саясатты облыстың абсолютті көпшілігі қолдайды.

    7. Тұрақты жоғары сенім рейтингі орталық және жергілікті билік органдарына сақталуда. Облыс тұрғындарының таңдаулары негізінде «Нұр Отан» партиясы сөзсіз көшбасшы болып қала береді.

    8. Респонденттердің көпшілігі аймақта наразылық акцияларының орын алу мүмкіндіктерін жоққа шығарады – 54,4%, ал керісінше негативті жағдайлардың орын алуын жоққа шығармайтын болжамдық пікірлер 35,54%-ды құрады.

    9. Өмір сүру жағдайлары нашарлаған жағдайда өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың радикалды әрекеттеріне (наразылық акциялары, аштық жариялау, ереуілдер және т.б.) тек 8,1% респондент  жүгінуге дайын.

    10. Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері облыста қалыптасқан жағдайды негативті қабылдаудан гөрі позитивті бағалаудың артықтығын көрсетті.

    Дереккөзі

    қатысты посттар

    Қызылорда: Есепте тұрған қазалылық азамат қайтарымсыз грант ұтып алды

    Фариза

    Шымкенттік дәрігерлер пандемияның екінші кезеңіне дайындалуда

    Фариза

    Жамбылда бір ауданда үш бірдей мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.