13 C
Алматы
Суббота, 20 апреля 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • История

    Экономика министрінің қайтыс болғаны рас па?

    Әлеуметтік желіде жұрт министр Қанат Бозымбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты жарыса жазып жатыр. Бірі бұған сенсе, екіншілері бұл ақпараттың жалған екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz.

    Барлығы Қазақстандағы NS радиосы таратқан ақпараттан басталды. Тікелей эфир кезінде радио дикторы Қанат Бозымбаев есімді азаматтың көз жұмғаны туралы айтты. 

    Жұртты шулатқан бұл ақпаратты экономика министрілігінің баспасөз қызметі жоққа шығарды. Сондай-ақ, радио қызметкерлері де бұл аттас адам туралы ақпарат болғанын айтты. 

    «Біз хабарлаған адамның да есімі Қанат Бозымбаев. Ол – АҚШ-та тұратын қазақ. 1981 жылы дүние келген. Яғни ақпараттың экономика министріне еш қатысы жоқ», – деді радио қызметкерлері.

    Алайда желі қолданушылары радиодан «министр Қанат Бозымбаев» деген сөзді нақты естігенін айтып жатыр.

    Арасында «Бәлкім журналистің миы министр деген сөзді автоматты түрде қосып кеткен шығар» деп әзілдегендер де болды. NS радиосындағылар бұл ақпаратты да жоққа шығарып отыр.

    Похожие записи

    Гигантская пробка образовалась возле аэропорта Алматы (видео)

    Как новости искажают наше представление о мире и губят наше здоровье

    Прекратили поиски пропавших алматинских альпинистов в горах Тянь-Шаня

    Оставить комментарий

    два × два =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.