14 C
Алматы
Четверг, 18 апреля 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Происшествия

    Арыс тұрғындары жойқын жарылыстың салдарынан үйлерін тастап қашуда (видео)

    Арыс қаласына жақын жерде жарылыс болып жатыр, деп xабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zhasalash.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Алдын ала болжам бойынша төтенше жағдай жарылғыш заттарды залалсыздандыратын қоймада орын алған. Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайтына Арыс қаласының тұрғындары хабарлады. Олардың айтуынша, қаладан 4-5 шақырым қашықтықта жер астында орналасқан қоймадағы жарылыс әлі толастамаған. Мұндай жағдай бұған дейін де екі мәрте болған.

    -Бұл жолғы жарылыстың түрі жаман. Кейбір тұрғын үйлердің терезелері қираған. Халық қаланы тастап, жаппай қауіпсіз жаққа көшіп жатыр. Қаладан шығатын жолдарда көлік кептелісі туындауда,-деді тұрғындардың бірі. Қала тұрғындары арасында түрлі үрейлі әңгімелер де тарап жатыр.

    Арыста Кеңес одағы кезінен бергі аралықта жиналған бомбаларды залалсыздандырумен Қорғаныс министрлігіне қарасты кәсіпорындар айналысады.   Бұған дейін залалсыздандыру кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауынан өрт шығып, оның арты бомбалардың жаппай жарылуына алып келген болатын. Екі оқиғада бірнеше адам қаза тауып, кінәлілер сот алдында тиісті жазасын алған еді.

    Интернетте бүгін Арыста болған жарылыстан түсірілген видеолар тарап жатыр. 

    https://youtu.be/aFfS0-NXoFA

    Похожие записи

    Көлік астына түсіп, көз жұмған баланың көгершінге айналғаны рас па? (видео)

    Усыновленный в Казахстане парень умер в США

    Фариза

    73-летний пенсионер насмерть сбил двух братьев в Павлодарской области

    Фариза

    Оставить комментарий

    4 × два =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.