20 C
Алматы
Среда, 24 апреля 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Арыстанбек Мұxамедиұлы басқа қызметке ауысты

    Қазақстан президентінің жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп.

    “Мемлекет басшысының жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды”, – деп хабарлады Ақорда.

    Мұхамедиұлының орнына орынбасары Ақтоты Райымқұлова келді. 

    “Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын”, – делінген Тоқаев қол қойған жарлықта.

    Айта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы ведомствоны бес жылдай басқарды. Ол мәдениет және спорт министрі болып 2014 жылдың 6 тамызында тағайындалған болатын.

    Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?

    Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын “Композиция және фортепиано” мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын МВА дәрежесімен бітіреді.

    Райымқұлова әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері, тәрбие және концерт жұмысы жөніндегі проректоры болып еңбек етті. Қазақ қыздар педагогикалық институтында оқытушы болған.

    2013 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің мәдениет және өнер ісі комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Бір жылдан кейін Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департаментінің директоры болады. 2016 жылы қазанда Райымқұлова мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне келеді.

    Ақтоты Райымқұлова симфониялық поэмалар, спектакль мен кинофильмдер музыкасының, көптеген әннің авторы. 

    Оставить комментарий

    восемнадцать + пять =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.