2 C
Алматы
Суббота, 25 марта 2023
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Происшествия

    Тоғыз жастағы қыз мінген лифт 18 қабаттан құлап кетті (видео)

    Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 9 жасар қыз мінген лифт 18-қабаттан құлап кетті, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Ктк телеарнасына сілтеме жасап.

    Абырой болғанда, қыз тірі қалды. Оқиға 28 мамырда орын алған. Желіде тараған видео кадрларынан ішінде екі бала бар лифтінің 19-қабатқа көтерілгені, артынша кабинадан ұл баланың шыққаны көрінеді. Лифтінің есігі жабылғаннан кейін, жүйеде ақау орын алып, дисплей жұмыс істемей қалады. Мұнан соң лифт жоғары жылдамдықпен төменге құлады. Бұл кезде есі шыққан қыз барлық тетікті басуда. 

    Нәтижесінде кабина бірінші қабатта тоқтап қалып, қыз бала аман қалды. Оқиғадан кейін қыз қатты жылап жіберді. Оның психологиялық зақым алғанымен, қазіргі уақытта өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

    Похожие записи

    Подруги сдавали в аренду несуществующие алматинские квартиры

    Фариза

    Информация о выстреле в аэропорту Нур-Султана появилась в Сети

    Фариза

    Здание полиции горело в Алматинской области

    Фариза

    Оставить комментарий

    два + семнадцать =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.