14 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Нұр-Сұлтанда ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі

    Елордада жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріліп келеді
     Жеңіс күніне орай астаналық ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі. Қазіргі кезде мәслихат шешімінің жобасы әзірленді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.
    Мәслихаттың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге 67 АЕК (205 221 теңге) көлемінде әлеуметтік көмек беріледі. Оған қоса, биыл қосымша 800 мың теңге беру жоспарланып отыр. Осылайша әрбір ардагерге 1 005 221 теңгеден табысталады.
    Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары тиісті шешімді мәслихат қабылдайтынын айтты.
    “Нұр-Сұлтанда жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріліп келеді. Биыл да солай болады деп ойлаймыз. Біз тиісті ережені мәслихатқа енгіздік. Енді мәслихат шешім шығаруға тиіс. Наурызда бекітсе, мамырда барлық ақшаны төлеп береміз”, – деді басқарма қызметкерлері.
    Айта кетері, былтыр республикалық маңызы бар қалаларда және облыстарда соғыс ардагерлеріне бір миллион теңгеден берілген болатын.

    қатысты посттар

    Түркістан облысының тұрғыны WhatsApp-та қаржы пирамидасын құрған

    Фариза

    “Апаттан қашқан халық коронавирустың апанына бара жатқан жоқ па?” Мақтаарал ауданында эвакуацияланған 5400 адам коронавирустан қалай қорғанбақ?

    Фариза

    Ақтөбедегі шипажайда жетім баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.