16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында асыраушы сала алшаң басып келеді

    Есепті мерзімде жұмыссыздық бойынша бірқатар түйткілдің түйіні тарқатылды. Айталық, «Еңбек» бағ­дарламасы аясында 1 008 кәсіпкерге 4,1 миллиард теңгеге шағын несие берілсе, 3 797 адам 2,2 миллиард теңгеге қайтарымсыз грант алды.

    «Жұмыспен қамтудың Жол кар­тасы» шеңберінде де кәсіпкерлік бас­тамаларды іске асыруға 1,9 мил­лиард теңге шағын несие қаралды.

    «Бизнестің Жол картасы-2025» бағдарламасы аясында кәсіпкер­лердің несиесін ішінара кепілден­діруге 2,2 миллиард теңге қаражат бөлініп, жалпы кепілдік сомасы 6,7 миллиард теңгені құрайтын 1 003 жо­ба кепілдендірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есеге артық орындалып отыр. Па­йыз­дық мөлшерлемесін субсидия­лауға да 5,2 миллиард теңге беріліп, жалпы 14,6 миллиард теңгеге 1 099 жоба несиелендіріліп, 3,9 есеге ұлғайды.

    Ал «Өндірістік инфрақұры­лым­ды дамыту» тетігі бойынша 15 кә­сіпкерге инфрақұрылым жүргізуге 2,7 миллиард теңге бөлінді.

    Бағдарламаны іске асыру нәти­жесінде 16 423 жұмыс орны сақта­лып, 5 724 жаңа жұмыс орны ашыл­ды. Бұдан басқа, ШОБ субъектілері саны 71,5 мыңға жетіп,14,5 пайызға өсті. Онда 123,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, көлемі 18,7 пайызға артып, 246,3 миллиард теңгені құрады.

    Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту. Бұл ба­ғыт­та жүйелі жұмыстар жолға қойылды.

    Жыл ішінде азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету және азық-тү­лік өнімдерінің импортын ал­мас­тыру мақсатында агроөнеркә­сіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар саланы дамытуға 19,4 миллиард теңге суб­си­­дия қаралып, 13,7 мил­лиард тең­гесі игерілді. Мемлекеттік қолдау­лар нә­тижесінде өнім көлемі 309,1 мил­лиард теңгені құрап, 100,2 па­йызға жетіп отыр. Ал алға қо­йылған жоспар – өнім көлемін 414 мил­лиард теңгеге жеткізіп, ауыл шаруа­шы­лы­ғына 31 миллиард тең­геге ин­­­вес­тиция тарту. Осының не­гізін­де 2025 жылға дейін 350,4 мил­лиард теңгені құрайтын 50 ин­вестициялық жоба іске асырылып, 3,6 мың жұ­мыс орны құрылады. Мәселен, биыл­ға 19,2 миллиард теңгеге 18 жоба жос­парланса, бү­гінде соның 7,9 мил­лиард теңгесіне 13 жоба іске асты.

    Сонымен қатар егістік алқабы 752 мың гектарға жетіп, өткен жыл­дан 30,3 мың гектарға артты. Соңғы үш жылда 59,1 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, көлемі 179,8 мың гектарды құрады. Су үнемдеу технологиясы 40 мың гектарға жеткізілді.

    Мал азығын дайындау жұмыс­тары да қызу жүргізілуде. Жос­пар­дағы 1,7 миллион тонна пішен толық дайындалды.

    Мал шаруашылығында 4,2 мың тонна ет экспортталды. Сондай-ақ жыл соңына дейін ауыл шаруа­шы­лығы техни­касы 10 пайызға жа­ңартылады.

    Есепті кезеңде 363 тонна балық өсірілді, оның 200 тоннасы форель балығы. Сонымен қатар жоспар­­лан­­ған 500 тонна балдың 332,8 тон­­насы өндірілді. Облыста 32 әлеу­­меттік павильон ашылып, қо­сым­ша 4 павильон ашу жоспарланған.

    Өткен жылдан бері «Тасөткел» су қоймасы қалпына келтіріліп жа­тыр. Бұған қоса, «Ақмола», «Ыр­ғай­ты», «Қалғұты», «Тескентоған», «Андас-1», «Андас-2», «Андас-3» сын­ды 7 су қоймасын салу көзделген.

    қатысты посттар

    Жас мамандар тұрғын үймен қамтылуда (видео)

    Қызылорда: Облыс орталығындағы ауруханаларға өкпені жасанды тыныстандыру аппараты мен оттегі концентраторы сыйға тартылды

    Фариза

    Қызылорда: Арал ауданында жаңа цехтың іргетасы қаланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.