16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда экономиканың барлық саласында оң динамика сақталды

    Жамбыл облысында көптеген өзекті мәселе шешімін тауып, өңір дамуына оң серпіліс тудырып келеді.

    Осы жылдың 9 айында эконо­микалық өсім 4,6 пайызды құрады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құ­­рылыс, көлік, сауда, байланыс, са­­­лық­­тық түсім, жалақы, бюджет кі­рісі арт­ты. Жыл басынан 267 мил­лиард тең­ге инвестиция тартылып, 11 па­йызға ұлғайды. Ал инфляция деңгейі 106,5 пайызды, жұмыс­сыз­дық дең­гейі 4,9 пайызды құрады. Өнеркәсіп өндірісі 5,5 пайызға артты.

    2025 жылға дейін 2,5 триллион теңгені құрайтын 107 инвести­ция­лық жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде биыл 171 миллиард теңгеге 31 жобаны жүзеге асыру жос­парланып, бүгінде дейін 78,2 миллиард теңгеге 13 жоба іске асты.

    Облыста баламалы электр қуа­тын өндіретін 17 жоба жұмыс іс­тейді. Бүгінге «Тасөткел-2» күн электр стансасы және Жаңатас жел электр стансасы пайдалануға бе­рілді. Осылайша, облыста жалпы қуаттылық 387,6 МВт-ты құрамақ.

    «Қарапайым заттар эконо­ми­касы» аясында да 74,9 миллиард тең­геге 177 жоба мақұлданып, 56 мил­­ли­ард теңгеге 175 жоба несие­лендірілді.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлер санын ұлғайту және олардың биз­нес жүргізуіне жағдай жасау бо­йынша берген тапсырмасын орындау мақсатында кәсіпкерлерге жалпы 8,1 миллиард теңге шағын несие қаралып, соның 7,9 миллиард теңгесі игерілген.

    Сондай-ақ, өңірде, тұрғындарды баспанамен қам­туға басымдық беріліп келеді. Сон­дықтан да бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 480,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш 11 пайызға артты. Ал жылдық жоспар 651 мың шаршы метрді көздеп отыр. Қазір 4 482 пәтерлі 76 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін 2 902 пәтерлі 50 үйі тапсы­рылады. Ал Тараз қаласында 1 526 пәтерлі 27 үй пайдалануға берілсе, 1 685 отбасына 8,2 миллиард теңгеге «2-10-20» «Бақытты отбасы», «5-20-25» «Нұрлы жер», «5-10-20» «Ша­ңырақ», «7-20-25» бағдарламалары бойынша пәтер алуға жеңілдетілген несие рәсімделді.

    Президентіміздің тапсыр­ма­сымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға 15,9 мың облыс салымшыларынан өтініш түсіп, 8,1 мың адамға 21,3 миллиард теңге арнайы шоттарына аударылды. Бұл да өз кезегінде жерлестеріміздің баспана алуына мүмкіндік берді.

    қатысты посттар

    Шымкентте қызметкерлердің 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеуге көшеді

    Фариза

    Жамбылда «Күзгі спорт апталығы – 2021» шарасы қорытындыланды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: 7 АЙДА 135 МЫҢНАН АСА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.