7 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таразда қарияларға құрмет көрсетілді

    Қарттар күніне орай Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта ардагерлерге құрмет көрсетілді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев шараға қатысқан соғыс ардагерлері, түрлі саланың еңбек сіңірген қызметкерлері, облыстың және қаланың Құрметті азаматтарын мерекелерімен құттықтады.

    Күтіп алған Скандинавиялық жүру спортымен айналысып жүрген бір топ ата-әжелер өңірде атқарылып жатқан игі шаруаларға ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.

    Облыс әкімі зейнет демалысына шыққан ардагерлердің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға өз үлестерін қосып жүргенін атап өтті. Олар өздерінің өмірлік тәжірибелерін бөлісе отырып, жастарды дұрыс жолға бағыттап келеді.

    «Қариялы ел – қазыналы ел» деген бабаларымыз. Біз қашан да үлкендерін сыйлаған, құрмет тұтқан елміз. Соның арқасында біздің мемлекетіміз татулыққа, бірлікке, табысқа, дамуға қол жеткізіп отыр. Аға буынның төккен тері, ерен еңбегі, өшпес ерлігі біздің елімізді осындай шыңға шығарды. Олар еліміздің ілгерілеуіне өлшеусіз үлес қосты. Әсіресе, тәуелсіздігіміздің отыз жылында аға-апаларымыз өздерінің тәжірибелерін, білімдерін, денсаулықтарын мемлекетіміздің дамуына, ұлтымыздың өркендеуіне арнады. Бұған бүгінгі ұрпақ куә. Қазақ «Тақыр жерге шөп өспейді» деп бекер айтпаған. Бәрі түпкі негізге байланысты. Қазіргі буын үлкендердің тектілігінен тәлім алады, тәрбиеленеді, үлгі-өнегесін сіңіреді, – деді Б.Сапарбаев.

    Аймақ басшысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап аянбай еңбек етіп, ел іргесінің берік қалануына, өңірдің өркендеуіне айрықша атсалысқан жамбылдық аға буынның үлесін атап өтті.

    Біздің мақсатымыз – бауырмашылдық, татулық секілді құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтай білу, әрі ұрпақ бойына сіңіру. Қариялар жергілікті биліктің көптеген бастамаларын, жобаларын әрдайым қолдайды. Денсаулықтарына, уақыттарының тығыздығына қарамай, аудан-ауданды, елді мекендерді аралап, «Асарлатып үй салу», «Бейбітшілік пен келісім» сияқты жобаларымызды насихаттап жүр. Өйткені, мұндай істер өңірдің дамуы үшін керек. Қазіргідей аумалы-төкпелі заманда орын алып отырған түрлі келеңсіздіктерді осындай бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың арқасында ғана жеңеміз. Ашаршылық, соғыс, қуғын-сүргін секілді талай ауыр сынды бастан өткерген еліміз бүгінгі қиыншылықтарды да еңсеретініне сенемін, – деген облыс әкімі аға буынды алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

    Салтанатты шара барысында өңір басшысы бір топ белсенді қарияны облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Оларға шапан жауып, сый-сияпат жасады.

    Жиын соңы ақ жаулықты өнерлі әжелердің концерттік бағдарламасымен жалғасып, қариялар спорттың бес түрінен – шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату және бильярдтан өткен спартакиада өзара бақ сынасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

    қатысты посттар

    Шымкенттегі темір жол вокзалында сантиралық талап күшейтілді

    Фариза

    Жамбыл мектептеріндегі бейне-бақылау камералары бір орталықтан бақыланады

    Фариза

    Шымкенттегі агро-индустриалды аймақтағы 30 га жерге жылыжай кешені салынады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.