20 C
Алматы
Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Риддерде үш баланың анасын аяусыз өлтіріп кетті

    Риддерде үш баланың анасын аяусыз өлтірді деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    26 тамызда таңертең үйінен жұмысқа шыққан қалалық әкімдік қызметкері жоғалып кеткен.

    “Кешке орман алқабынан әйелдің денесі табылды. Әйел жұмысқа баратын кезінде жолды қысқарту үшін осы орманның ішінен өткен. Оның мәйітінде тұншықтыру, пышақ жарақаттары мен зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталды. Оқиға орнына ШҚО орталығынан полиция департаменті, прокуратура басшылығы, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері дереу келді”, – делінген хабарламада.

    Бірнеше күннен кейін жедел уәкілдер қылмыс жасаған 34 жастағы ер адамды ұстады. Оның бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.

    “Осы 6 күн бойы тергеу шаралары жүргізілді. Қазір күдікті қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР ҚК-ның 99 және 192-баптары бойынша қаралады. Күдікті 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

    Анасыз қалған 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш бала жақын туыстарына берілген.

    қатысты посттар

    “Артық кеткен жерім болса, кешірім сұраймын…”

    “30 жылдан бері жеке пәтері жоқ мемлекетте ояндым…” Жастардың үндеуі

    Сараптама қорытындысы Gelendwagen жүргізушісінің мас болғанын жоққа шығарып отыр ма?

    Пікір қалдыру

    one × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.