15 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    «Таразға Тарту» жобасы сәтті жүзеге асуда

    «Таразға тарту» жобасы аясында Братская көшесіндегі №52 тұрғын үйдің жанындағы сквер ашылды. Аталған аумаққа Шу ауданы әкімдігі жауапты болып бекітілген болатын.

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығын кезекті рет аралау барысында, жаңа скверге арнайы барып, танысты


    Жаңаша кейіпке енген аумаққа жаяу жүргінші жолдары төселіп, гүлзарлар орнатылған, суару жүйелері ретке келтіріліп, жарық шамдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылған. Ашылған ойын алаңшасы Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің қарамағына берілетін болады. Скверде «Стрит воркаут» әуесқойлары үшін де арнайы бұрыш қарастырылған.«Таразға тарту» жобасының арқасында облыс орталығында абаттандырылған саябақтар мен скверлер пайда болды. Балаларға арналған заманауи ойын алаңдары салынды. Барлық конструкциялар қауіпсіз материалдардан жасалған. Өкінішке орай, кейде ойын мен спорт алаңшаларының бұзылу жағдайларымен жиі күресуге тура келеді. Жергілікті тұрғындар алаңшаларды күтіп-ұстауға және бұзушылардан қорғауға атсалысу керек, – деп Бердібек Сапарбаев қалалықтарды ұқыпты болуға шақырды.

    Тұрғындар аулаларында көпфункционалды алаңның ашылғанына қуанышты екендерін жеткізді.

    Балаларымыз енді бос уақыттарын осында тиімді өткізетін болады. Бұл жерде балалар ойнап, үлкендер тыныға алады, – дейді зейнеткер Нағызбек Бейсембеков.

    Сондай-ақ, бұл күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылыс-жөндеу жұмыстарының да барысын тексеріп, спорт нысандарын аралады.

    Үшбұлақ каналы бойындағы аумақты абаттандырумен «Қазфосфат» ЖШС айналысуда. Мұнда шағын жағалау жасақталуда. Қарасу каналының бойында да осындай жұмыстар жүргізілуде.

    Жалпы, айта кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған «Таразға тарту» жобасы бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін тарта отырып, скверлер мен аллеялар салуға, қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
    Әр нысанға жауапты ретінде облыстық басқармалар мен департаменттер, аудандық әкімдіктер бекітілген. Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер де атсалысуда.

    «Таразға тарту» жобасы аясында барлығы 42 нысанды қамту жоспарланған.

    қатысты посттар

    Жамбылдықтар жеңіл өнеркәсіп жолында

    Жамбылда Президент Жолдауының басым бағыттары сараланды

    Фариза

    Шымкентте 11 елді-мекенге ауыз су жүргізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.