7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Ақша алмаса қарамайды” Әйелі мен баласының өліміне дәрігерлерді кінәлаған Алматы тұрғыны жанайқайын айтты

    Алматы облысының Панфилов аудандық перзентханасында ана мен бала көз жұмды. Бар болғаны 24 жастағы Жанар Баратова үшінші баласын босануы тиіс болған. Бірақ Жаркенттегі перзентханадан оның сәбиі мен өзінің мүрдесі шықты деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

    Жанар іші ауырып, инфекциялық ауруханаға түскен. Марқұмның күйеуі Бейімбет Мұрат ай күні толған әйеліне бір күнде тоғыз система салғанын жеткізді.

    “9 системаны әйелім көтере алмай, ауырып, перзентханаға түседі. Ол уақытта ай күні толып тұрған кез. Роддомға бір мен үштің арасында түскен. Түнгі сағат он екіге дейін оған ешқандай дәрігер көз қырын салмаған. 12-ден отыз минут кеткенде әйелімнің жатырынан суы кетіп, баланың жүрегі тоқтаған”, – дейді ол.

    Баласынан айырылған Жанардан қан тоқтамаған соң ешбір туысының рұқсатынсыз дәрігерлер әйелдің жатырын алып тастапты. Бірақ бұл отадан кейін де қан тоқтамаған. Туыстарының сөзінше, асқазандағы жара жарылды деп айтылғанымен, сараптама оны жоққа шығарған.

    “Ал экспертизаның айтуы бойынша, асқазанда ештеңе жоқ. Тіпті жара жоқ”, – дейді марқұмның күйеуі Бейімбет Мұрат.

    Ал медицина қызметкерлері Жанардың өліміне қан кету себеп болғанын алға тартты. “Қан кетті асқазанынан, ішінен. Қан кету Ковидке де байланысты болуы мүмкін”, – дейді “Панфилов ауданаралық көп салалы ауруханасы” КМК директорының орынбасары Гауһар Байдаханова.

    Марқұмның туыстары Жанар коронавирустан көз жұмса, неліктен санитарлық талап бойынша жерленбегенін түсінбейтінін ашып айтты.

    Мұсылманша жер қойнына тапсырдық деген отбасы Жаркенттегі перзентханадағылар ақша алмаса қарамайды деп күйініп отыр.

    қатысты посттар

    Айгүл Орынбек: Оңай пайда табамын, дегендерге “сауап болған”! Қолдарыңа біз “Лохпыз” деп плакатка жазып алыңыздар

    Фариза

    Шымкентте әскерге кеткеніне 5 күн болған сарбаз өзіне қол жұмсамақ болған

    Фариза

    Шымкенттің шағын аудандарындағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстары басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.