Среда, 21 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ ӘКІМІ 189 ОРАМДАҒЫ ГАЗ МӘСЕЛЕСІН БІР АЙДА ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

    Мұндай тапсырманы қала әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардыжеке мәселелерімен қашықтықтан қабылдау барысындаэнергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына берді.

    Онлайн қабылдау барысында Қаратау ауданының тұрғыны А.Айдаров 189 орамдағы газ мәселесін көтеріп,  жарық пен ауыз судың жиі өшетіні туралы шағымын жеткізді.

    Осы ретте, қала басшысы тұрғындар қызметтерге үздіксіз ақы төлейтінін айтып, салалық жетекшілерге электржарығы мен ауыз суда тұрақты берілуі тиіс екенін жеткізді. Сонымен қатар, табиғи газдың ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін берілуін қатаң бақылауға алудытапсырды.

    Анықтама:

    Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Албүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр. Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы стансалары 100% жұмыс атқаруда. 

    Аталған мәселені шешу мақсатында, 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының (әрі қарай-АГРС-3) құрылыс жұмыстары «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан жүргізілуде. 

    АГРС-3 нысанының құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында аяқталса, Шымкент қаласында тұтынушыларды сапалы және үздіксіз табиғи газбенқамтамасыз етуге болады.

    Бұдан бөлек, қабылдауда тұрғындар жер, жол, қоғамдық көлік пен жұмыспен қамту туралы сауалдарын жолдады. Барлық сауалдарды мұқият тыңдаған әкім көтерілген әрбірмәселе бойынша қалада тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, рет-ретімен шешілетінін жеткізді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкенттік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологиялар дайындап жатыр

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 48 КӨПҚАБАТТЫ КРЕДИТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

    Фариза

    Жамбыл облысы қаржыландырылған бизнес-жобалар саны бойынша екінші орында

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.