9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында ҚХА татулықты ту еткен ауқымды шараларды жүзеге асыруда

    Алаштың анасына баланған қасиетті Сыр өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдары қалыптасып, жемісті жұмыс жүргізіп келеді.

    Бүгінде облыстық ассамблеяның құрылымдары қатарына 11 этномәдени, аудандарда 6 этнобағытталған бірлестіктер, 118 аналар кеңесі, 165 қоғамдық келісім кеңесі, 1 ғылыми-сарапшылық тобы, 1 медиация кабинеті, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, депутаттық және кәсіпкерлер тобы, журналистер мен сарапшылар клубы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы кіреді. Жалпы облыс көлемінде өз ара бірлік пен татулықта 35 ұлттың өкілдері тұрады.

    Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

    Жоспарға сәйкес алғашқы жарты жылдықта облыстық ҚХА бастамасымен 155 іс-шара өткізілді.

    Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қайырымдылық керуені» акциясы, «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері және «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобалары жүргізіледі.

    Сәуір айында YouTube сайтынан «Сыр бірлігі» каналы ашылып, 265 бейнеролик орналастырылды.

    2020 жылдың ІІ жарты жылдығына арналған іс-шаралар жоспары пандемия салдарынан енгізілген шектеу шараларын ескере отырып қайта нақтыланды. Жоспарға сәйкес 40-қа жуық іс-шара өткізу жоспарлануда.

    Оның ішінде, облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің кешенді іс-шаралары, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында «25 қайырымды іс» науқаны, «Мәміле», «Абай қазынасына саяхат» клубтарының отырыстары, «Халықтар достығы» фестивалі, Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған ғылыми-танымдық конференциялар, сондай-ақ облыстық ҚХА мерекелік XXIII сессиясы бар.

    қатысты посттар

    “Эротикалық кино көріп болған соң айтылған уағыз сияқты екен…” (видео)

    Нұрлан Нығматулиннің ұлы «Қазфосфат» ісі бойынша күдікке ілінді 

    Кәрім Мәсімовтың інісі ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.