21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ ҮЙ ҚҰСТАРЫНА ЕКПЕ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

    Шымкент қаласында құс тұмауы ауруының алдын алу мақсатында үй құстарына жаппай екпе жасалуда. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан Шымкент қаласына құс тұмауына қарсы  33 173 доза екпе бөлінді.

    Вакциналар қаладағы 6 ветеринариялық бекетке таратылып, бүгінгі күні қала аумағындағы су қоймаларына жақын орналасқан үй құстарына құс тұмауына қарсы екпе жұмыстары басталды. Алдағы күндері аталған комитет тарапынан қосымша 70 000 доза екпе босатылатын болады.

    Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күні құс тұмауы ауруы тіркелмеді және эпизоотиялық ахуал тұрақты.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Таразда қолөнер шеберлері мен фотографтардың көрмесі өтті

    Фариза

    Шымкентте байланыс антенналарын орнататын 11 жер телімі анықталды

    Фариза

    АБАЙ АУДАНЫ: ҚЫСҚЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.