6.8 C
Алматы
Суббота, 14 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада «Halyq monitoring» жобасы әзірленді

    Енді Қызылорда облысында бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыс нысаны туралы барлық мәлімет жарияланады. Осы мақсатта арнайы жоба әзірленіп, «Halyq Monitoring» сайты ашылды.

    Сайтқа бюджет қаражатына салынатын нысандар, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталу және аяқталу мерзімдері, тапсырыс беруші, мердігер мекемелер мен авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар, бөлінген қаржы мөлшері секілді мәліметтер енгізілуде.

    «Жобаның мақсаты ашықтықты қамтамасыз ету. Тұрғындар құрылыстың сапасына қатысты шағымдарын кері байланыс арқылы білдіре алады. Яғни, орын алған кемшіліктер дер кезінде түзетуге мүмкіндік туады», – дейді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Марсбек Рүстемұлы.

    Бұған қоса, техникалық қадағалау сарапшыларының айлық есептерін электронды форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде «TexStroi-Smart» электронды платформасына 100-ден астам техникалық қадағалау сарапшысы тіркелді.

    қатысты посттар

    Қызылордада волонтерлар марапатталды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 7 ОШАҚТАН КАРАНТИН АЛЫНДЫ

    Фариза

    Жамбыл облысында 233 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істеуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.