3.4 C
Алматы
Пятница, 6 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Бостандыққа шыққан Қуат Хамитов мәлімдеме жасады

    Қазақстандық файтер Қуат Хамитов бостандыққа шықты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Журналист Серік Ноянның Instagram-парақшасында спортшының бостандыққа шыққан сәтінің видеосы жарияланды.

    «Бәрі дұрыс, ешқандай қысым болған жоқ. Бостандықтамын, мені жіберді. Уайымдап жатқан халыққа айтарым, көп рақмет, бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар», — деді файтер.

    Бірақ «Найман» осы оқиға бойынша қылмыс істің біткен-бітпегенін айтқан жоқ.

    «Өзімнің босағаным қазір ғана. Шаршап тұрмын. Ол туралы біраз уақыттан кейін сұхбат берермін», — деді Хамитов.

    Еске салайық, Қуат Хамитов кеше дезинфекторларды ұрып-соғуға шақырғаны үшін ұсталған болатын. Кейін Ішкі істер министрлігі Хамитовтің жазбасы қылмыс екенін айтқан еді.

    Артынша спортшы видеоны әзіл ретінде түсіргенін және ешкімді ренжіткісі келмейтінін мәлімдеген.

    қатысты посттар

    Досым Сәтпаев: Тихановская Қосанов секілді фейк-оппозиционер болған жоқ

    Фариза

    Қызылордалықтар МӘМС қорына 11,6 млрд. теңге аударды

    Фариза

    Меншік иесі ауысқан кезде электрмен жабдықтау шарты қалай жасалады?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.