14 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте резидент жолдауын жүзеге асыру мақсатында актив отырысы өтті

    Бүгін Шымкентте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиыны өтті.

    Шаһар басшысының төрағалығымен өткен шараға басқарма басшылары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым және қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды қала әкімі Мұрат Әйтенов ашып, бұл Жолдаудың ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынып отырғанына тоқталды.

    Мұрат Әйтенов  Жолдауда көрініс тапқан бес бағытты және белгіленген міндеттерді орындау үшін нақты  шаралардың жүзеге асатынын айтты. 

    Біріншіден, мемлекеттік басқару ісінде үлкен өзгерістер күтіп тұр. Өңірлер арасында мемлекеттік қызметкерлердің саны ең аз қала – Шымкент екенін ескере отырып, қысқаруды қиындықсыз ұйымдастырып, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруды тапсырамын. Екіншіден, Президент өңдеу өнеркәсібінің өсімін алдағы 5 жылда 1,5 есеге арттыру қажет екенін атап өтті. Сондықтан, қаладағы Бозарық қосалқы станциясының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау қажет. Себебі қуат көздерінің тапшылығы бизнестің дамуына қолбайлау болып отыр, – деген әкім бес басым бағытты атап көрсетті. 

    Одан соң  жарыссөзге шыққан қалалық мәслихаттың депутаты Төрайым Сұлтанова Жолдауда айтылған негізгі басымдықтардың бірі – кәсіпкерлікті қолдау мен медицина саласына қатысты тоқталды. Сондай-ақ, мінберге шыққан ҚР Құрметті журналисі, ардагер Байдулла Қонысбек тиімді мемлекеттік басқару, атқарушы орган жұмысын ашық, әділ жүргізуі бойынша ойын бөлісті. 

    Жиын соңында Мұрат Дүйсенбекұлы «күш – бірлікте» екенін атап өтіп, алдағы уақытта Президенттің тапсырмасын сапалы әрі нәтижелі атқаруда бірлесе ат салысуға шақырды. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте 972 мемлекеттік қызметші қайта дараярлау курсынан өткен

    Фариза

    Мойынқұмда мал азығы молынан жиналуда

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ 3 БАҒЫТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.