9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнет жасы өзгеретіні туралы хабарламаға түсініктеме берді

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнет жасының өзгеруі туралы хабарламаға түсініктеме берді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Жазба авторы әлеуметтік желіде енді ерлер 61 жастан, әйелдер 57 жастан зейнетке шығатынын айтқан.

    “Мессенджер мен әлеуметтік желіде Қазақстанда зейнет жасының өзгеруі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ер адамдар 63 жаста, әйел адамдар 59 жарым жасында зейнетке шығады”, – дейді министрліктің баспасөз қызметінің өкілдері.

    Ведомство мәліметінше, Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болған жағдайда зейнетақы аннуитеті құқығын пайдалана алады (зейнет жасына жеткенге дейін шығу). Зейнетақы аннуитеті ерлер үшін 55 жас, әйелдер үшін 51 жарым жыл. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар 50 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады.

    “Азаматтардан фейк жаңалықтарға мән бермеуін, тек ресми жаңалықтарды бақылауын сұраймыз. Еске салайық, жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады”, – дейді ведомство өкілдері.

    қатысты посттар

    Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады

    Фариза

    Погон таққан адам тиісіп қылмыңдады деген Айсәуле не бүлдірген?

    Қарағанды кеншілері де ереуілге шықты

    Пікір қалдыру

    five × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.