15 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: «Covid-19 Шымкент» сайты ашылады

    Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Əйтеновтің қатысуымен эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы дəрі-дəрмек бағасын бақылау, сондай-ақ ашылған провизорлы орындар жəне өкпені механикалық желдету аппаратымен науқастарды қамтамасыз ету жөнінде өткен брифингте айтылды.

    Қала әкімі осы аптаның соңында «Covid-19 Шымкент» сайтын ашатындықтарын жеткізді. М.Дүйсенбекұлының айтуынша, аталған сайтта эпидемиологиялық жағдай кезіндегі барлық ақпараттар жедел түрде тарқатылмақ. Бұл ретте қалада арнайы ақпарат берілетін портал жайлы айтқан әкім қала тұрғындарын ресми мәліметтерге сүйенулерін сұрады.

    Брифинг барысында Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына 5 шілде күні енгізілген қатаң шектеу шараларына түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде дүрбелеңге салынбай, сақтық шараларын ұстануға шақырды.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Өңірдің инвестициялық саясаты тұрақты

    Қызылорда облысы тұрғындарының 70%-ы осы жылдың соңына дейін табиғи газға қол жеткізе алады

    Фариза

    Шымкентте 2 мыңға жуық адам «жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа тартылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.