12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте 11 байланыс станциясы орнатылады

    Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаланы сапалы интернетпен қамту мәселелері бойынша«Қазақтелеком», «ТрансТелеКом» АҚ директорлары және ұялы байланысоператорларымен кезекті онлайн жиналыс өткізді.

    Онда Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Әлібеков қаланы сапалыинтернетпен қамтамасыз етудің 2020-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарыментаныстырды.

    Оның айтуынша, базалық станция орнату үшін қала аумағынан 11 жер телімі анықталып, Googlemaps картасында белгіленген. Олар Н. Назарбаев даңғылы, Арғынбеков пен Айша бибі көшесінде, Қайтпас, Шымсити-Асар қиылысы, Қайнарбұлақ шағын ауданы, Асар шағын ауданындағы ішкіайналма жолы, Шымкент-Алматы тас жолынанДостық шағын ауданы бағытына қарай, Төлеметов-Өтегенов көшелерінің қиылысына  қойылады депжоспарлануда.

    Стратегиялық жоспарда қаланы интернетпен қамту мәселесі бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшы топ құру, тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін байланыс операторларымен меморандум түзу, «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешенінің қызметін күшейту және санын арттыру, орнатылған базалық станциялардың адам өміріне қауіпсіздігі жөнінде тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қаралған.

    Еліміздің цифрлық даму жолында интернет мәселесінің басты назарда екенін айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполисті сапалы интернетпенқамтамасыз ету – бүгінгі күннің басты талабыекенін жеткізіп, салалық қала әкімінің орынбасарына стратегиялық жоспардың орындалуын қатаң бақылауды тапсырды .

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Өскеменде қараусыз қалған жағалау саябаққа айналды

    BI Group компаниясы Шымкентке 135 миллиард теңге инвестиция салуға дайын

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: РЫСҚҰЛОВ – ҚОНАЕВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 15 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.