15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Сұмдық – ай, Шымкентте «періштелер қайтыс болды»

    Осыдан небәрі екі жыл бұрын, ашылған Шымкенттегі «Арбат» отбасылық саябағы қараңғы түнекке айналды.  Қаланың қақ ортасында орналасқан көпшілік серуендеу орнындағы «күзетші періштелер» демалушыларға жарықшамдарын жағып, жол көрсетуден әлдеқашан қалған дейді шаһар тұрғындары.

    Көпшілік серуендеу орнындағы бұл жағдайды әуелі белгілі журналист Динар Мұсаева өзінің «Фейсбук» парақшасында жазды. «Биылғы жылы Қазақстанның үшінші мегаполисі мәдени мақтаныш атағына ие болды. Яғни, ТМД елдерінің мәдени астанасы. Достастық елдерінің басшылары астананы қандай параметрлер бойынша таңдағаны әлі белгісіз. Бірақ, таңдау біздің қалаға түсті. Шамасы күзетші періштелер «коронавирустан өліп» қалғанға ұқсайды. Мегаполис шаһардың назар аударарлық бірденбір орындарының біріне айналған «Арбатқа» Ақтөбеден қыдырып келген қонақтарды алып келіп едім. Алайда, мұнда өте қараңғы» деп жазады автор.

    Ал, демалушылар саябақта мобильді құрылғыларының жарығына сүйеніп, жол табуда. Қараңғыдан бірбіріне қақтығысқан тұрғындардың жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. «Арбаттағы» періште кейпіндегі қондырғыларды жарықтан ажырату себебін демалушылар карантин кезіндегі «үнемшілдік» деп түсінгісі-ақ келіп еді. Алайда, тұрғындардың айтуынша, Шымкент көшелеріндегі жарықтандыру жүйесінде күндіз электр жарығы жарқырап жанып тұратын көрінеді. Бұл келеңсіздікті көпшілік біраз уақыттан бері байқап жүр.

    Сондықтан, бұл жерде энергия үнемдеутуралы айту орынсыз. «Осындай олқылықтардан кейін саябақты қараңғы қапасқа айналдырған билік өкілдерін ақтай алмаймыз» дейді шымкенттіктер.

    Айта кейтейік, көпшілік сейіл құратын бұл орын 2018 жылдың мамыр айында ашылып еді. Экс әкім Ғабидолла Рахматоллаұлы бұл саябақтың құрылысына қыруар қаржы жұмсағаны анық. Түнгі Арбатты жарық етуге 80 –ге тарта көше шамдары мен 45 торшерлар орнатылған еді. Қала тұрғындары арасында Жаңа Арбат көше бойында жоғарыда ілінген періштелердің бейнелерімен әйгілі болғанды. Тіпті, тұрғындар сол періштелердің бірін экс әкім Ғабидоллаға балаған әзіл де ел арасына тарап кетіп еді. Алматыда аналогі бар, Мәскеудегі Арбат көшесінің үлгісі бойынша жасалған «атағынан ат үркетін»  жаяу жүргіншілер аймағы қазір жетімнің күйін кешіп тұр. Ал, бұған қала әкімі Мұрат Әйтенов не дер екен? Кезінде миллиондарға салынған саябақтың қадірін қашыруға не себеп болды екен?

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    “Жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болған” – Медреседе 19 жастағы қызды тірідей өртеп жіберді

    Салалық кәсіподақтың тағы бір жеңісі

    Фариза

    Зайсандағы жағдай: “Қит етсе, әскерді тасығанды қою керек”

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.