-1.1 C
Алматы
Сәрсенбі, 6 Желтоқсан 2023
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙ КӨЛЕМІ АРТУДА

    Шымкент қаласында жылыжай көлемі артыпкеледі. Биылдың өзінде  6 гектарға жуық жылыжайкешені іске қосылып, қаладағы жабық кешендердің жалпы аумағы 200 га жетті. Жыл соңына дейін тағы 15 гектар өнеркәсіптік жылыжай айналымға қосылады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.

    Шаһардағы жылыжайлардың 62 гектары соңғы үлгіде жабдықталған әлеуетті өндірістер. Жаңа технология бойынша, яғни, түркиялық, испаниялық қондырғылармен жабдықталған. Осылайша, жылдан-жылға қалада өндірілетін көкөністің сапасы артып келеді.

    Шаруалар мегаполис тұрғындарын жыл бойы ай көкөніспен қамтуды жоспарлап отыр. БылтырШымкенттегі жылыжайлардан 7200 тонна өнім жиналып, одан түскен қаржы көлемі 2,4 млрд. теңгені құраса, биылғы жылы өнім көлемін 10 мыңнан тоннадан асыру көзделіп отыр.

    Сондай-ақ, осы салаға маманданған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қалада «Агро-индустриалдыаймақ құрылды. Қазіргі таңда жылыжайларға 32,3 млн. теңгеге дейін тыңайтқыштардың құнын арзандату бойынша субсидия беріліп, мемлекеттікқолдаулар жүзеге асырылып жатыр.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Қызылордада 2 оттегі станциясы салынады

    Фариза

    Шымкентте бір күнде 63 тонна қырыққабат тегін таратылды

    Фариза

    Шу ауданындағы Белбасар ауылында 400 орындық мәдени-спорттық кешен ашылды

    Пікір қалдыру

    three × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.