Шымкентте екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдамаорнатылмақ. Кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда.
Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтынтерезелерімен ерекшеленеді.
Сондай-ақ, аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі, белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтараялдаманы паналамауы үшін жасалған.
Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезіндеатқарылған жұмыс нәтижесі шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті. Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетінболады.
Г. ҚАПАЛ