Суббота, 5 октября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ 2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалық етуімен  қала аумағы бойынша жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару бойынша жиын өтті.Онда жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Әшірбеков нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажыүшін 2448 жер учаскесі бойынша қаулы шығарылғанын атапөтті.

    «Аталған нысандарға ағымдағы жылы 3,7 млрд. теңгеқаражат қарастырылған. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктеншығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесіндеорналасқан жылжымайтын мүліктің құны, олардыңнарықтық құны мөлшерінде айқындалады. Бүгінгі таңдаалаңы 17,3 гектарды құрайтын 152 жер учаскесін  қайтаруға1 млрд. 458 млн. теңге жұмсалған»,-деді басқарма басшысы.

    Оның айтуынша, ағымдағы жылдың бес айында тұрғынүйлер құрылысы мен жол құрылысына, жаңа терминал мен жұқпалы ауруханаға және мектеп пен жасыл аймақ құрусынды 11 нысанның құрылысы үшін құру үшін мемлекетмұқтажына қарастырылған жер учаскелері толықтайқайтарылған.

    Құрылыс жұмыстарына қажетті жер учаскелерін мемлекетмұқтажына қайтару жұмыстарына қарқын беруді айтқанқала басшысы бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар үшін қажетті жер телімдерін қайтарудытапсырды.

    «Жоспарланған құрылыстың созылуына алып келетінмәселенің бірі меншік иелерінің бағаланған мүліктіңқұнына келіспейтіндігі. Сондықтан құнын айқындаудаменшік иесінің құқығы қорғалып, нарықтағы құнмен өтелуітиіс.  Сонымен қатар, қалада жүзеге асырылып жатқанжобалардың маңыздылығы туралы тұрғындарға дұрыс түсіндіру қажет»,-деді М.Әйтенов.

    Еске салсақ, өткен жылы 199 жер учаскелері 2 млрд. 301 млн. теңге қаражат бөлініп, 61,8 га жер мемлекеткеқайтарылған.

    Г.ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті және ЛА-155/4 мекемесі басшылығы Ұлы отан соғысының тыл еңбеккерін, Ауған соғысының және Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерін 9 – мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

    Фариза

    Шымкентте емханаға тіркелу науқаны басталды

    Фариза

    Шымкент: Дерт дендеп барады. Сақтық шараларын сақтамай отырғандар көп

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.