7 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мақалалар мен сұхбаттар

    Алматыда коронавирус жұқтырған жүкті келіншек сұхбат берді

    Коронавирус жұқтырған аяғы ауыр келіншек біздің тілшілерімізге сұхбат берді. Алматы облысының тұрғыны Тоғжан Айтбай қазір жағдайының жақсы екенін жеткізді. Шамамен бір апта бұрын АҚШ-тан ұшып келген жерлесімізде қауіпті індет екінші қайтара тексергенде ғана анықталған, деп хабарлайды Qazweek.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    «Біз 25-і күні Мәскеуден ұшып келдік. Негізі біз АҚШ-тан шықтық. Алматыға ұшып келдік. Сол кезде бізден бірінші тест алды. Ұшып келген бойда жолаушылардың бәрінен алды. Сол ауруханаға барып 24 сағат жаттық. Біздің тестіміз теріс болып шықты. Нәтижесін білетін күні ешқандай жөтел де, тамағымның ауырғаны да болған жоқ. Оның бәрі қайтып кетті», – дейді Тоғжан Айтбай.

    Оғаш хабарды естігенде әуелде қатты абыржыған Тоғжан қазір өзін қалыпты сезінеді. Ол Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бала көтергеніне төрт ай болған. Дәрігерлердің бақылауында жатқан ол тек ағзасының иммунитетін көтеретін дәрі қабылдап жатыр екен.

    Айтуынша, өзінің де, іштегі баласының да денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Тек карантинде жатқандықтан, оның жағдайын бақылап тұруға гинеколог-маман кіре алмайды.

    қатысты посттар

    «Дипломат» қонақ үйі, ресторан, базар – Арыстанбек Мұхамедиұлы отбасының байлығын тізіп берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.