22 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Дулат Ағаділдің өліміне полиция да, ҰҚК де кінәлі емес…

    Дулат Ағаділдің өліміне полиция да, ҰҚК де кінәлі емес. 30 жылда қалыптасқан жүйе кінәлі.

    Біз құқықтық мемлекет емес, ҰҚК, Полиция билігін құрдық. Күштік құрылымдар мемлекеттің, Қазақстан азаматтарының бас-амандығынан көрі биліктің қауіпсіздігін, жеке мүдделерін ғана қорғайтын жендеттерге айналып отыр.

    Құқық салтанат құрған демократиялық ел болғанымызда азаматтық пікірін білдіріп, қарсы шыққаны үшін тып-тыныш үйінде жатқан адамның шаңырағына баса-көктеп кіріп, бейнебір қандықол қарақшыны немесе зиянкес террористі ұстағандай қолын қайырып, кісен салып түн ортасы қақаған аязда күштеп айдап әкете алар ма еді?

    Басқа өркениетті елде адам өлімін былай қойғанда, осылай қарақшылық жолмен алып кеткендіктері үшін кем дегенде ішкі істер министрі отставкаға кетер еді.

    Саяси, құқықтық реформаны талап еткен қоғамдық кеңес мүшелерінің соңғы жағдайларға көпшілігі үнсіз. Ал атағынан ат үркетін мүйізі қарағайдай ақын, жазушылар, жұлдыз әншілер мұндайда көрінбейді. Ал жүз мыңдап айлық алып отырған депутаттардан онсыз да қайыр жоқ.

    Құқықтық мемлекетке айналмай бұл осылай жалғаса береді. Комиссия құрылар, ары кетсе

    Бұйрықты орындаған бірнеше жендет кінәлі деп табылар. Бұдан не өзгереді?! Бірақ реактив мемлекетте солай!

    Қайрат Жолдыбайұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

    қатысты посттар

    Шымкенттегі блок-бекеттер қатаң бақылауда

    Фариза

    Ағамыздың денесін жерледік. Басын бермеді – сұмдық жағдай болды

    Фариза

    13 адамның өмірін жалмаған тікұшақ апатының бірнеше себебі айтылды

    Пікір қалдыру

    nine − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.