12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Біздің елдің заңы басшыларға жүрмейді” Тоқаевтың реформасы әкімдердің алдында қауқарсыз ба?

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жуырда жемқорлыққа қарсы заңға өзгерістер енгізілген болатын.

    Президент қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысы болса, орталықта да, өңірлерде де бірінші басшылар тікелей жауап беретінін айтып, кешенді алдын алу шараларын қолға алуды тапсырған. Сондай-ақ 2019 жылдың 28 қарашасында аталған заңға қол қойды.

    Заңға қол қойған уақыттан бері бір айдан аса уақыт өтті. Дегенмен, пара алып ұсталған жемқорларды көрдік те, жауапқа тартылған басшыларды әлі күнге көз көрмеді. Сонда жарлық тек қол қою үшін керек пе? Бір елді басқарып отырған Президенттің жарлығы орындалусыз қалуы қалай? Тек қағаз жүзінде ғана жүзеге асатын заңмен еліміздің азаматтарын қалай қорғамақпыз?

    2020 жылдың өзінде бірталай шенділерді миллиондаған қаржымен тұтқындады.

    1. Нур-Султан қаласы “Байқоңыр” ауданынның әкімі Асқар Есліов соңғы үлгідегі айфон телефонын пара ретінде алғаны үшін ұсталды.

    Бұған жауапты басшы Нұрсұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов 2019 жылдың 13 маусымынан бастап қала әкімдігіне тағайындалды. Дегенмен, қарамағындағы қызметкер парамен ұсталса да Көлгіновтың не жазаға тартылғанын не отставкаға кеткенін көрмедік.

    2. Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсауле Сайлауова 118 миллион теңгеге қатысы бар жемқорлық бойынша айыпталды. Сот үкімі бойынша 2 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

    Жауапты Атырау облысының әкімі Досмұхамбетов Махамбет Жолдасғалиұлы. 2019 жылдың 18 желтоқсаннан бастап Атырау обылысы әкімі қызметінде отыр. Орынбасары парамен ұсталаса да әкім жауапқа тартылмады.

    3. Қорғаныс министрлігінің полковнигі, БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Марат Есенов Оралда 200 мың көлеміндегі пара алды деген күдікке алынып, қамауға алынды.

    Жауапты Қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев 2018жылдың 7 тамызынан бастап Қорғаныс министрі қызметін атқаруда. Ол да жауапқа тартылған жоқ.

    Атап айтып өткен жағдайлар бұл осы жылдың басынан бері жемқорлықпен ұсталғандардың тек бірнешесі ғана, одан бөлек көптеген мемлекеттік қызметкерлер парамен ұсталып, қызметінен босады. Миллиондаған ақшаны қолтығына қысып, заңды да, билікті де өздерінше пайдаланған шенділер ұсталды да, ал оған жауапты басшылық Тоқаев айтқандай жауапкершілікке тартылды ма? Жоқ. Демек, біздің елдің заңы басшыларға жүрмейді.

    Ешбір өзгеріс енгізілмеуі керек Ата заң Конституцияның өзінде 1995 жылдан бастап бүгінге дейін 1000-нан аса өзгерту енгізген.  15 жылдың ішінде осыншама өзгеріс  ешбір елдің тарихында болмаған. Ал біздің Конституциямыздың мына сиқы әркім өз ыңғайына бұрмалап алатын зат сияқты. Осыншама өзгертуден өзін қорғай алмаған Конституция халықтың құқұғын қорғайды деп айту қиын.

    Елді 30 жылға жуық басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өкілеттілігін тоқтатқаннан кейін халық жаңа Президентке үлкен үміт артып, көптеген жақсы өзгерістер болады деп күтуде. Тоқаевтың жарлығымен бірқатар халыққа тиімді жағдайлар жасалып жатқанымен, жүзіге аспай жатқаны да, халықтың қарсылығына да тап болып жатқары жеткілікті.  Ал, жемқорлық – халық үшін, елдің дамуы үшін орасан кедергі келтіретін басты жау. Сондықтан, айтылған сөз атылған оқ демекші,  сөзден іске көшетін кез келді.

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    “Қазақ қазақты сатқан” деген қасаң пікірден құтылуымыз керек

    Фариза

    Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда халыққа үндеу жолдайды

    Фариза

    “Ауыл тұрғындарына сауаты төмен деп қарауды қою керек” Әли Бектаев Дана Нұржігітке ескерту жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.