22 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    “Дүңгендер қазақ тілін оқымаймыз, бізге өз тіліміз керек”, – дейді (видео)

    Қордайда болған қақтығысқа байланысты халықтың арасында қызу пікірталас әлі де басылар емес.  Осы қақтығысты пайдаланып бұқараны одан әрі арандатуға жол беріп отырғандар да бар, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Adyrna.kz порталына сілтеме жасап.

    Дегенмен, бақсақ жағдай басқаша екен демекші, жергілікті тұрғындардың берген сұхбатынан бұл қақтығыстың бір күнде бұрқ ете қалмағанын байқаймыз. Мәселен, 7 ақпан күні соққыға жығылып, дүңгендерден таяқ жеген ақсақалдың ұлының берген сұхбатына және жергілікті тұрғындардың пікіріне жүгінсек, дүңгендер тіпті заңға да бағынбай кеткен.

    “Бізді ұрғандарды полиция сол күні босатып жіберді. Артынан “білейін деп барып сұрадым. Босатып жіберген. Оларды заң бұзып ұсталса бірден босатады. Ал бізді жазалайды. Дүңгендер заңға бағынбайды. Бұған дейін де қаншама жайттар болды. Олар құтылып кете береді. Олар “жынды” деген анықтама алып алады. Бұған қоса ажырасып кетті, жалғызбасты ана деген анықтамалар алып алады. Содан соң мемлекеттен берілетін жәрдемақыны солар алады. Ал шындап келгенде олар отбасымен бірге тұрады. Бұл арада заңсыздық көп”, – дейді соққыға жығылған ақсақалдың ұлы.

    Сондай-ақ жергілікті тұрғындар “Олар жер сендердікі билік біздікі дегенді де айтады. Мектепте сабақ үстінде 10-11 сынып оқитын дүңген балалары “бізге қазақ тілі керек емес, қазақ тілін оқымаймыз, өзіміздің тіліміз керек, математика керек болды”, –  деп айтады. Олар заңға бағынбайды. Бірақ, сүттен ақ судан таза болып отырады дейді.

    қатысты посттар

    Алматыда әйел адам кішкентай баланы көлік жүретін жолға қалдырып кеткен

    Фариза

    Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты қашан болатыны белгілі болды

    Есірткіге тәуелді Айсұлтан шетелде отырып, халықты ереуілге шақыратындардың қуыршағына айналып бара ма?

    Пікір қалдыру

    four + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.