22 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Бұл мәселені бірінші кезекке қоюдың еш қажеті жоқ – Павлодардың жаңа әкімі қала атауына байланысты

    Павлодар облысының жаңа басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодар қаласының атауын өзгертуге қатысты туындаған келіспеушіліктер жайлы пікір білдірді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп.

    Облыс әкімі 2020 жылғы санақтың соңына дейін бұл мәселе қарастырылмайтынын тағы да еске салды.

    “Қала атауын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Тек атауды өзгерту арқылы барлық мәселе бірден шешімін тапса ғой…

    Бұл жерде ақша жұмсау, белгілерді өзгерту, барлық құжаттама мәселелері бар. Ол бизнеске де, мемлекеттік органдар үшін де ауқымды жұмыс болмақ.

    Бұл мәселенің тек бір жағы ғана”, – деп атап өтті Сқақов тілшілермен кездесу барысында.

    “Иә, әрине, бұл қаланың тарихи мәдениетімен, пайда болуымен және қалыптасуымен байланысты басқа да нәрселер бар. Бірақ, менің ойымша, бұл мәселені бірінші кезекке қоюдың еш қажеті жоқ”, – деген облыс басшысы одан гөрі күш-жігерді өңірдегі басқа мәселелерді шешуге жұмсау керектігін алға тартты.

    Айта кетсек, қаладағы бірнеше бастамашыл топ және қоғамдық бірлестік өкілдері, ақсақалдар Павлодар атауын Сарыарқа немесе Ертіс деп өзгертуді ұсынған еді.

    Соңғы атауды мәжіліс депутаты Айзада Құрманова қолдап отыр. 2019 жылы қаланы Кенесары ханның атымен атау, оған дейін Кереку деп өзгерту жайлы ұсыныстар түскен болатын.

    Қала атауын өзгерту туралы мәселе тұрғындар арасында пікірталас тудырды. Тіпті, Павлодар қалалық әкімдігі 2020 жылы ұлттық санақ өткізіледі деген ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болды. Санақтың уақытылы әрі тиянақты өтуін қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ономастикалық сипаттағы мәселелер, оның ішінде облыс орталығының атауын өзгерту мәселесі қарастырылмайды.

    қатысты посттар

    Құқық қорғаушылар: Билік карантинді пайдаланып, белсенділерді қудалауды күшейтті

    Фариза

    “Ерлан мырзаға сол жетіспейді” – Айгүл Орынбек Шымкент әкіміне қатысты ойын айтты

    Алматыдағы Арбатта да полиция азаматтарды ұстап жатыр (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.