12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    “Ибалы келін еді, келсап болып шыға келді…” – қоғам белсендісі Қайрат Нұртастың әйеліне шүйлікті

    Белгілі қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Facebook парақшасында әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова иығын жалаңаштаған суретіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    “Әп әдемі ибалы келін еді, келсап болып шыға келді….

    Қыз қылығымен, есік аттамаған, бесік тербетпеген қызға бәрі жарасады!
    Ал ибалы келін, аяулы жар , ардақты төрт баланың анасына, ел алдында жалаңаш иығын көрсету бұл енді ұят!
    Қазақтың Зейнеп апамыздан кейін, ибалы келіндер қатарында Жұлдызды көрем деп ойлайтынмын. Біраз өсіп келе жатқан бойжеткендерге үлгі болады деп үміттеніп жүргем. Әттең Жұлдызымыз да жұлдыз ауруына ұшырап, өзін тоқтата алмай қалған сияқты. Мүмкін менің түсінігім ескілеу болып көрінетін шығар. Төрт баласы бар қазақтың әйеліне сексуалдық образда суретке түсуі дұрыс па?!
    Қайраттың Жұлдызы қазақтың қыздарына өнегелі жеңге бола алмады. Он жыл үйде Қайратының аты бәйгеде озғанша отырды, енді өзінің өнер жолында жолы болсын деп іштей тілеп отыратын едім. Бүгін мына суреті маған ауыр тиді. Жұлдыз ел алдында жүрген сендердің кесірлеріңде, бүкіл ибалы қазақ қыздарына, келіндеріне Сәләфиттер тарапынан сөз тиетінін білесің бе? Сендер сияқтыларды көріп қазақтың көп қыздарына сәләфиттер тыр жалаңаш жүрсіңдер деп айып тағады! Елдің алдына шықтыңдар ма, сендерге қарап отырған халықты да сыйлаңдар! Халықтың арқасында өсіп отырсыңдар! Ал қазақ халқы қазақ келіндерінің иығы тырдай жалаңаш ашылғанын көргісі келмейді!

    Суретті Женя Волкова деген фотогроф түсіріпті және өз өнерін халыққа көрсету үшін қойыпты. Кез келген фотограф маман суреттерді әлеуметтік желіге салмас бұрын, суреттің иесінен рұқсат сұрап алады. Яғни оның қылмыстық жауапкершілігі бар екенін бәрі біледі.
    Бұл фотошоп емес! Өзі үшін түскен сурет деп жатыр. Мейлі солай ақ бола қойсын. Кез келген фотогрофқа суретке жеке өзің үшін түскелі жатқаныңда ескертесің суреттің тарап кетпеуін. Жұлдыз шоу бизнесте бүгін ғана жүрген жоқ. Өзі магазин жарнамаларына түсіп жүрген соң, түскен суреттерінің бәрінің ақысы бар және тек Жұлдыздың рұқсатымен ғана әлеуметтік желіге шығарылатынын жақсы біледі. Басқаны алдауға болатын шығар, бірақ мен сенбеймін!” – деп жазады Айгүл Орынбек.

     

    қатысты посттар

    Ержан Максим: Алла Пугачева мені түсінде көріпті… (видео)

    Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетанына жауап берді (видео)

    Төсін жалаңаштаған депутат: Маған үйленетін адамның табысы жарты миллионнан кем болмауы керек

    Пікір қалдыру

    13 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.