19 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    “Тойда айфоннан шашу шашты” Қазақ тойларындағы түрлі қызықтар (видео)

     

    Атырау қаласында дүркіреп өткен үйлену тойы кезінде қуаныш иесі шашу ретінде iPhone телефондарын таратып, жиылған қауымды бір қуантып тастаған. Бұл туралы Руслан Ысқақ сұқбатында айтып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі nur.kz порталына сілтеме жасап.

    https://www.instagram.com/p/B2QgITugtB4/?utm_source=ig_web_copy_link

    Отандық той бизнесте елді таңғалдыратын жайттар аз емес. Сәні мен салтанаты бірінен бірі өтетін қазақ тойларындағы түрлі қызықтар бүгінде ел аузында.

     

     

     

    Отандық той бизнестің қыр-сырына қанық танымал шоумендердің бірі Руслан Ысқақтың айтуынша, ол жұмыс барысында сан алуан жайттарға куә болады екен.

    Мәселен, жуырда Атырау қаласында өткен үйлену тойы кезінде іPhone телефондарының таратылғанын жеткізді.

    “Тойларды басқарып жүріп, неше түрлі қызықты оқиғаларды көріп жатамыз. Өте қымбат, отандық және шетел жұлдыздарының қатысуымен өтетін тойларды да басқарған кездер болды.

    Мұндай тойдың иелері шараның айрықша, есте қаларлықтай өткенін қалайды.

    Мысалы, жақында Атырауда бір тойды басқардым. Той иелері Қайрат Нұртас бастаған бір топ отандық әншілермен қатар, ресейлік жұлдыздардың да өнер көрсетуін қалады.

     

     

     

     

    Сондай-ақ, бұл тойдың ерекшелігі, жиналған той қонақтарына сыйлық ретінде iphone телефондары таратылды. Бұл да қазақтың бойындағы кеңдіктің белгісі болар”, – деді Руслан

    қатысты посттар

    РЕСЕЙЛІК ӘРТІСТЕР ӘДІЛ ЕМЕС ЖЕҢІЛГЕН ҚАЗАҚ БАЛАСЫН ЖАҚТАП ШЫҚТЫ

    “Тым қатты мақтанып кеттің” Қайрат Нұртас елге несімен жақпай қалды?

    Төреғали Төрәлі: Әкім болғым келмейді, жұрт ақысын жеп жүрген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.