10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    “Қолдарында – шолақ мылтық” Тападай-тал түсте шымкенттік оқушылар пышақтасып, арты атысқа ұласты

    Осыған дейін, Шымкентте тапа-тал түсте оқушылар атысқан болатын. Мектептер арасындағы төбелес күндізгі сағат бір жарым шамасында қаланың ортасында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқушылар әуелі таспен атысып, артынша бір-біріне дәлдеп, бірнеше мәрте оқ атқаны айтылған еді. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “20-30 шақты бала. Бірінің артынан бірі қуалап келе жатыр. Қолдарында – шолақ мылтық. Біреуінде ОСА-ау деймін. Екі рет атты. Тура мына Сайрам мөлтекауданында, жолдың бойында. Ар жағындағы қарсыластары таспен ұрды. Ақыры мына жерде біреуі біреуін пышақтады”, – дейді куәгер.

    Пышақталған – №65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы. Қолынан жарақат алған оған оқиға орнына жеткен полицейлер жедел жәрдем шақырды.

    Оның мұғалімдері балаға шаң жуытпайды. Сөздеріне сенсек, төбелесіп жатқандарды ажыратамын деп барған жасөспірімге әлдекімдер пышақ сілтеген. Ал тәртіп сақшыларын көре сала, оқушылардың көбі ізін суытса, бірнешеуі полицияның қолына түсті. Бейресми ақпарат бойынша, төбелес 65-ші және 46-шы гимназия мен лицейдің жоғары сынып оқушыларының арасында болған.

    Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтты.

    11-сынып оқушысының қолына пышақ кірген.

    “Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер оның қолын тігіп, үйіне қайтарды”, – делінген хабарламада.

    қатысты посттар

    Арыстан кішкентай балаға тап берді (видео)

    Ауғанстаннан кеткісі келетіндерге мүмкіндік беріледі – БҰҰ

    Фариза

    Қасапханада тірідей сойылған 2,5 миллион адамның обалы кімге?

    Пікір қалдыру

    16 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.