9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Құрылыс қарқыны күшейді

    Былтыр Тараздың тотыдай түрленгені белгілі. Қалада көптеген саябақтар ашылып, субұрқақтар мен жағажай салынды. Алайда, ол жұмыстар биыл да жалғасын табуы керек. Ондай мақсатты, облыс әкімі қойып отыр. Сондықтан, ендігі жерде құрылыс қарқыны күшейеді. Бұл мәселе аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен алқалы жиында тағы қаралды. Онда өңірдегі құрылыс жұмыстарының барысы кең көлемде талқыға түсті. Атап айтқанда, “Шахристан” тарихи-мәдени кешені және көшелердің сәулеті мен келбеті басты назарға алынды. 80 жылдық белесті бағындырған облыста атқарылар жұмыстар пысықталып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді. «Шахристан» бірегей тарих-мәдени кешен болмақ. Аталмыш жобаның құрылысы қоңыр күзге жоспарланған облыстың 80 жылдық мерейтойына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріліп үлгерілуі тиіс. Ондағы құрылыс жұмыстарының бүгінгі таңдағы қарқыны көңіл көңшітпейтіні жиында ашық айтылды. Осыған аса назар аударған облыс басшысы құрылыс жұмыстарын жандандыра түсу керектігін баса айтты. Ол үшін екі ауысымдық режимге негізделген жаңа жұмыс кестесі бекітілді. Сол бойынша мердігерлердің жұмысы ширатылып, қарқыны күшейтілмек. Алайда, өңір басшысы уақыттан ұтамыз деп, құрылыс сапасын назардан тыс қалдырмау керектігін қатаң ескертті. Ол ғана емес, ендігі кезекте жұмыс режимінің өзгеруіне байланысты, құрылысқа қажетті материалдарды уақытылы жеткізіп отыру жайы да сөз болды. Бұл орайда материалдарды өндірушілермен алдын-ала келісімге отырып, қажетті бұйымдарды күні бұрын дайындатқызып қоюдың маңыздылығы айтылды. Облыс басшысы бұл жұмыстарды күнделікті өз бақылауында ұстайтынын жеткізіп, тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, осы күні түсқайта Тараз қаласындағы бағдаршамдар, жол белгілері, жарықтандыру, жол қозғалысы мәселелері бойынша жиын өтті. Онда күн тәртібіндегі мәселе бойынша қала әкімі Қайрат Досаев баяндама жасады. Бүгінде облыс орталығында барлығы 1330 даңғыл, көше, бұрылыс болса, оның 39 пайызы асфальт бетонды жолдар. Қалғаны шағал, топырақты көшелер. Айта кету керек, өткен жылы бұл бағытта 500 миллион теңге бөлінсе, ағымдағы жылы 2,1 миллиард теңге қарастырылған. Оның 1 миллиард теңгесі қалалық бюджетке, 1,1 миллиард теңгесі облыстық қазынаға тиесілі. Асқар Исабекұлы қала ішіндегі жолдардың сапасы шын мәнінде сын көтермейтінін ашық айтты. Тұрғындар тарапынан да көтеріліп отырған басты мәселелердің бірі осы екенін жеткізіп, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, тиісті көрсеткішті жақсарту керектігін тапсырды. Сонымен қатар, қаладағы орынсыз орналасқан бағдаршамдар мен жол белгілерінің олқылықтарын жіпке тізгендей атап көрсеткен өңір басшысы бұл мәселердің бұған дейін сан рет көтеріліп, нақты тапсырмалар берілгенімен, еш нәтиже шықпағанына қынжылыс танытты. Бұл бойынша жауапты басшыларға соңғы мәрте ескерту жасап, он күн уақыт беріп, тапсырмалар хаттамаға енгізілді.

    қатысты посттар

    Мойынқұм ауданына газ тарту мәселесі 3-4 жылда шешіледі

    Фариза

    Шымкентте 1000-нан астам отбасы баспаналы болады

    Фариза

    Сыр елінің ауылшаруашылық өнімдері 17 мемлекетке экспортталуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.