Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасады. Ол адамдардың, соның ішінде арнайы жасақ сарбаздарының зардап шеккеніне өкініш білдірді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.
Атамбаев «билік заңға қарсы келмеу туралы үндеулерге құлақ аспады» деп мәлімдеді. Ол бірнеше рет жазбаша куәлік беруді ұсынғанын және Батукаев ісіндегі кез келген сұраққа жауап беруге дайын екенін атап өтті. Ол сондай-ақ билікті арсыздыққа барды деп айыптады, өйткені олар экс-президенттің кінәсіз екенін біледі.
Атамбаевты экс-президент мәртебесінен қалай айырды
13 маусым күні Қырғызстан парламенті арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия Алмазбек Атамбаевтың алты қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген қорытынды жасады. 20 маусым күні Жогорку Кенеш бұл қорытындыны мақұлдап, Бас прокуратураға жіберген.
Кейін бас прокурор алты фактінің бесеуі бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз бар екенін айтты. 27 маусым күні Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады.
Бұдан соң саясаткердің үйінің маңында жақтастары жинала бастады. ІІМ тергеу тобы Атамбаевты үш рет жауап алуға шақырды. Алайда ол барған жоқ. Жогорку Кенеш шешімін заңсыз деп санайтынын алға тартқан. Атамбаев Коституциялық палатаға талап жолдады.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевтың ісі заң аясында шешілуі тиіс екенін мәлімдеді.