Пятница, 5 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Жантүршігерлік жол апаты болып, 3 адам қаза тапты

    Алматы облысында жол апаты болып, үш бірдей адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп. 

    Жантүршігерлік жол апаты бүгін түскі уақытта болды. Жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген суреттер мен видеолар Instagram желісінде жарияланды. 

    Алматы облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адамның көз жұмғанын хабарлады. 

    «Жол-көлік оқиғасы Алматы – Көкпек – Көктал автожолынан 40 километр қашықтықта болды. Осы жерде Toyota Highlander мен 21014 лада соқтығысқан. Төрт адам әртүрлі жарақатпен Есік ауруханасына жеткізіліп, тағы үш адам көз жұмды», — деді баспасөз қызметіндегілер. 

    Зиян шеккендердің арасында екі бала бар. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

    қатысты посттар

    Алматы облысының тұрғыны үш ауылдасын пышақтап тастады

    Алматыдағы MART сауда кешенінде жарылғыш зат ізделуде

    Фариза

    Арон Атабектің жақындары оның денсаулығы жайлы айтып берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.