7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шеге шығаратын шебер

    Ауылдағы шеге өндірісі. Жуалылық жас кәсіпкерлер жастар жылын жағымды жаңалықтармен бастады. Шақпақата ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Еламан Пернешов бүгінде шеге шығару жұмыстарын қолға алды. Ол өз үйінің ауласынан шағын цех ашып, он ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыған. Ауыл еңбеккері бұл жұмысты ұзақ ойланбастан бастап кеткенін айтады. Себебі, қазір шеге шығару жұмыстары Жамбыл облысының еш жерінде жоқ. Өңірімізге шеге өзге облыстардан, тіпті, шет елдерден келіп жатыр. Ал, шалғайдағы шағын ауыл Шақпақатадағы шеге өндірісі енді бағаны арзандатуға мүмкіндік береді дейді жас кәсіпкер. Негізгі мақсат, өзімізден шығып жатқан темір-терсекті өңдеп, отандық өнімді дамыту болып табылады. Қазір шағын цехта тәулігіне 70-тен 150-лік көлемге дейін 3 тонна шеге шығарылады. Бір қызығы, Еламан Пернешов бұл шеге шығаратын құрылғыны өзі қолдан құрастырған екен. Оның тек, қозғалтқыш бөлігі ғана Қытайдан әкелінгенімен, қалған қосалқы бөлшектер осы жерде жасалды. Жеке кәсіпкер бұрын Шақпақата мен осы маңдағы ауылдардан темірді сырттан келіп жинап алып кететін. Қазір шикізат ешқайда шықпайды. Ауыл адамдары темірлерін осында әкеліп өткізеді. Ол темірден жас шебер дайын өнім дайындайды. Жуалылық жеке кәсіпкер шеге шығарумен қатар, құрылысқа қажетті ағаш бағаналарын дайындап, темір-терсектің түр- түрін құрастырады екен. Тіпті, жуырда ауылшаруашылығына қажетті жер жыртатын соқа құрастырып шығыпты. Ол жасаған соқалар бүгінде Жуалы ауданының бірқатар ауылдарында жер жырту жұмыстарымен айналысып жүр. Соқаның бағасы да арзан. Мәселен: ауыл адамы соқаның жаңасын 500 мың теңгеге алса, Еламан Пернешов соқаны небары 250 мың теңгеге қолдан жасап береді. Оның да жаңасынан ешқандай айырмашылығы жоқ десе болады. Қазіргі таңда ауыл еңбеккері шағын ғана цехын кеңейту жұмыстарын қолға алды. Ол жастар жылында мемлекеттен арзандатылған несие алып, өндірісін одан ары кеңейтпек ниетте екендігін айтады. Ең бастысы үкіметтен болдау болса болғаны. Сонымен қатар, бұл ауылды жер болғасын құрылыс материалдарын тұрғындарға қарызға да бере береді. Бұл бұрын аудан немесе облыс орталығына сабылатын ауыл азаматтары үшін тиімді болып отыр. Жас кәсіпкердің алға қойған мақсаттары да жетерлік. Соның бірі ауыл маңынан бос жатқан жерді алып, жол бойында үлкен шеге және темір бұйымдарын жасаумен айналысатын зауыт ашу. Әрине, ол үшін үлкен қолдау керек. Алайда, бұл мақсатым жүзеге асса Жуалы немесе Шақпақата жерінің дамуына да сеп болар еді. Себебі, Шақпақата елді мекені Жамбыл мен Түркістан облыстарының қақ ортасында орналасқан. Яғни, еңбек адамдарына болашақта дайын заттарды өткізуге де еш қиындық болмайтын еді.

    қатысты посттар

    Шымкент: провизорлық стационарлардағы 80 пайыздан астам төсек-орын босады

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

    Фариза

    Бердібек Сапарбаев «Тараз» кәсіпқой волейбол клубын жеңісімен құттықтады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.