12 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда “Егінжай күні” аталып өтті

    Таразда «Егінжай күні – 2019 » жыл сайынғы дәстүрлі шарасы аталып өтті. Онда жергілікті фермерлер мен басқа облыстан келген қонақтар осы саладағы ең соңғы жетістіктерді көзбен көріп, көңілдеріне тоқыды. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Жамбыл облыстық филиалы қәзір қызу еңбек науқанына кіріскен. Өйткені олар 103 гектарға соя ексе, қант қызылшасын 10 гектарға, бидай 135 болса, арпаны 60 гектарға, ал жоңышқаны 185 гектарға отырғызып отыр. Сол үшін де күндіз – түні мамандар өнімді мол алу үшін барын салуда. Уақытылы су жіберіп, егістікті зиянкестерден сақтау үшін дәрі – дәрімектер шашып, оның арам шөптерін уақытылы отауда. Мұнда қәзір жаңа технологиямен өнімді мол алуға бар жағдай жасалып отыр. Егін оратын жаңа комбайн, жүгірінің жай – күйін бақылап оытатын арнайы дрон да сатып алынған. Себебі: 195 гектар жерге егілген бұл өнімдер желге ұшпауы тиіс. Еңбек түбі – береке деген. Жаз бойы талмай еңбектенген институт өкілдері енді күзгі науқанға дайындықты бастап кеттік дейді. Себебі; күзгі жаңбыр мен суыққа қалдырмай, қолдан шаршау шығармай өнімді жинап алу керек. Ал, келер жылы егістік көлемін кеңейтіп, басқа да дәнді дақылдарды егу жоспарымызда бар дейді сала мамандары. Оның үстіне биыл өңірде ауа-райы шаруалар үшін де аса қолайлы болып отыр. Ерте көктем жаңбырлы маусыммен басталды. Жалпы, мұндай «Егінжай» күндерінің шаруалар үшін де пайдасы мол. Өйткені, олар осы жерден белгілі ғалымдар мен агро сала мамандарынан тұқымның ерекше қасиеттері мен суару, дәрілеу қасиеттері жөнінде толық ақпарат ала алады. Оның үстіне жергілікті шаруалардың басқа облыстан келген әріптестерімен тәжірибе алмасуға да үлкен мүмкіндік туып отыр. Дәл осындай егінжай күндері Жамбыл облысында жыл сайын өткізіліп келеді. Осының арқасында жергілікті шаруалар былтыр қант қылышасын егуден үлкен жетістікке жетті. Өткен жылы облыс бойынша 8600 гектар жерге тәтті түбір егілсе, биыл ол 10 600 гектарға дейін ұлғайып отыр. Өнім жақсы шығу үшін облыс басшыларының қолдауымен Франциядан «Авантаж» атты қызылшаның жаңа тұқымы алдырылды. Ол гектарына 800-1000 центнерге дейін өнім беруге мүмкіндік тудырды. Мәселен: Меркі ауданындағы «Сыпатай Батыр» серіктестігі 300 гектар жерге балтамыр отырғызып, одан 800 центнерден өнім алған. Бұл шаруашылық жаңбырлатып және тамшылатып суғару әдісін қолданады. Бұл шаруа қожалығы осындай үлкен жетістікке ғылыми зерттеу институтыны ғалымдарымен бірлесіп жұмыс атқарудың арқасында жеткендігін айтып отыр. Бұл кездесуде шаруаларға егістік пен өсімдіктің жаңа тұқымын алу жолдары, олардан мол өнім алу үшін қалай күтіп- баптау мәселесі жөнінде кеңінен айтылды.

    қатысты посттар

    Шығысқазақстандық ерекше спортшылар Италияда өтетін ат спортынан халықаралық жарысқа дайындалуда

    Аягөздегі балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы жағдай туралы

    ШЫМКЕНТ: Елтайдағы сел салдары жойылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.