12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Ауылды дамытудың басты жолы қандай?

    Қосалқы шаруашылық- бұл ауылдық елді мекенде тұратын жұртшылықтың жағдайын жақсартудың ең тиімді жолы. Ол біріншіден елдің қолындағы малдың басын арттырып, жердің өнімділігін көтеру үшін керек. Осы мақсатта апта бойы облыс өңірлерін аралап жүрген жұмыс тобы Жамбыл ауданына ат басын бұрды. Облыс басшысы Асқар Мырзахметовтың өзі онда ауыл әкімдерінен жұмыс барысын жеке сұрап, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Апта басында Меркі ауданынан бастау алған жұмыс тобы үшін бұл үшінші аудан. Жамбыл облысы үшін мұндай ауқымды шара бұрын сонды болмаған. Өйткені, барлық басқармалар мен аппарат қызметкерлерін қосқанда 70 ке жуық облыстан барған азаматтар әр ауданның барлық ауылдық округтеріне бас сұқты. Онда әр үйге кіріп, тұрғындармен жеке-жеке кездесу өткізді. Жергілікті халықпен кездесу кезінде шенділер оларға өзінің шағын ғана жер телімін дұрыс пайдалануды түсіндірді. Мәселен: сіздің 30- соттық жеріңіз бар делік. Алайда, оның бетіне қарап отыра бермей жағдай келгенше жеміс-жидек пен бау-бақша егу керек. Ал, бұл тірліктер қолыңыздан келмесе, сол елді мекеннен құрылатын кооперативке бірігесіз. Кооператив құрамында кемінде 15- адам тіркеледі. Сонымен қатар, кооператив бар жерде несиеге трактор, сүт тарту құралы мен танкер алуға болады. Бұл қолында ақшасы жоқ тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Яғни, бүгінгі жиында сол кездесулерде халық тарапынан қандай сұрақтар туындады? Жалпы, ауыл әкімдері түсіндірген алгортимдерді тұрғындар түсінді ме? Осы сұрақтар қаралды. Жамбыл ауданында 83 мың халық тұрса, онда 3000 ғана шаруа қожалығы бар. Демек, қалған адамдар өз жерлерін дұрыс пайдалана алмай отыр. Оның ең тиімді жолы қосалқы шаруашылық. Яғни, әр адам ауласындағы жерінің өнімділігін арттырып, қорасындағы малын көбейту керек. Ал, оларға осы жұмыстарды түсіндіру ауыл әкімдерінің құзырында. Бұдан кейін облыс әкімі аудан тұрғындарымен еркін форматта кездесіп, ауылшаруашылығы кооперативтерінің жұмысы, қосалқы шаруашылықтар жөнінде қарапайым тілде түсіндіріп өтті. Жалпы, бұл жиында жұртшылық тарапынан жылы пікір қалыптасып келе жатқандығы да бірден байқалды. Әрине, бірлесіп жұмыс істеуді, жерді тиімді пайдалануды, мал өсіруді халық құптап отыр. Мәселен: Аса ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Райхан Масатбаева мемлекеттен көмек болса сиыр алып, сүтпен айналысуға болатындығын айтып отыр. Ол қосымша табыс көзі болар еді дейді ауыл тұрғыны. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде жергілікті халықтың жалқаулықтан қашып, сәл демеп жіберсе жұмыс істеуге деген құлшынысы бар екенін бірден байқадық. Кездесу соңында тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер ескерусіз қалмайтынын айтқан өңір басшысы, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтті

    Фариза

    Шығыс Қазақстан соя мен жүгеріні ҚХР-ға экспорттайды

    Шымкент: шілде айында 42500 теңгені 100 мыңнан астам азамат алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.