Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Fight Hub TVарнасына берген сұхбатында болашақтағы қарсыластары туралы сөз қозғады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Головкин келесі жекпе-жегін жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы – Стив Роллс (19-0, 10 КО). Ал қазақстандықты рингке оралуға Джонатан Бэнкс дайындап жатыр.
Жаттығудан кейін Головкинге орта салмақта WBO чемпионы Деметрису Андрадемен және екінші орта салмақта осы ұйым чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен жекпе-жекке қалай қарайтынын сұрады.
– Басқа чемпион, Андрадеге қатысты, ол сізден кейін жұдырықтасады?
– Егер осы тізімде болса, әрине, олар жұдырықтасуға құқылы. Нақты біреуді бөліп: “мынаның құқы бар”, “мынау жұдырықтасуға міндетті” немесе “оған мүмкіндік бер..” деуге келмейді. Олардың бәрі бар, егер тізім бойынша келсе, дайын болса, міндетті түрде олармен жұдырықтасамын.
– Сондерс жекпе-жек өткізуге екі рет келісімшартқа қол қойғанын айтады? Сол күйі неге жұдырықтаспадыңыздар?
– Енді, қазір Сондерс туралы айту… ол назар аударуға тұрмайды. Жалпы олардың ешқайсысын бөліп қарастырып керек емес. Айтқанымдай, бұл топтың бәрі кезекте тұруы керек. Егер біреу шынымен жұдырықтасқысы келсе – жекпе-жек өткіземіз. Кезекке, бәрі кезекке тұрсын.