Сәрсенбі, 7 Желтоқсан 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Өскемен қаласында «Jastar Time» жетінші IT-фестивалі өтті

    Өскемен қаласында «Jastar Time» жетінші IT-фестивалі өтті. Байқау Жастар жылы аясында өткізіліп, жас таланттарға ақпараттық технологиялар саласындағы өз жетістіктерін таныстыруға мүмкіндік береді.
    Бұл жолы ІТ-фестивальға облыстың барлық аудандарынан 200-ден астам жас таланттар қатысты. Қатысушылар көрермендерге «Мейірімділік», «Junior Skills», «Startup- Жобалар», «ClusterPro» сияқты 4 секторда және робополигонда 95 жобаны ұсынды.
    Өзіндік ерекшеліктері бар және бірегей жобалардан ең жақсысын таңдау оңай емес екендігін сарапшылар мен құзыретті қазылар алқасының мүшелері атап өтті. Бірақ оларға өз таңдауын жасауға тура келді. Дауыс беру нәтижесінде жетінші IT-фестивальдің Бас жүлдесін Өскемен қаласындағы № 1 орта мектептің оқушысы Әли Бердібек жеңіп алды. Оның «Смарт – бесік» жобасы жас ата-аналарға бірегей көмек. Ол баланы алғаш жылағанынан тербетіп қана қоймай, тіпті балаға сүт беру жүйесімен жабдықталған.
    1-орынды «21 ғасыр портфелі» жобасымен Өскемен қаласындағы № 4 мектеп оқушысы Надежда Закусилова иемденді. Оқушы 5 сынып оқушылары үшін барлық оқулықтарды цифрлады. Нәтижесінде балаларға рюкзактарын ауыр кітаптармен толтырудың қажеті жоқ. Барлық кітаптар электронды түрде бар.
    Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназия оқушылары Әлішер Мәулетов пен Ілияс Закарияновтың «Теңге алу» компьютерлік ойыны 2-орынға ие болды. 3-орынды С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінен Қымбат Женісханның логопедиялық тренажері жеңіп алды. 
    Осы іс-шарада, алдыңғы айда өткен «JASTAR TIME» ІТ-хакатонының, сондай-ақ «Білім беру ұйымының үздік веб-сайты -2019» және облыс мұғалімдері арасында «Болашаққа қадам» байқауларының жеңімпаздарын да марапаттады. 
    Хакатонның нәтижесі бойынша бірінші орынды Өскемен қаласындағы ҚАЕУ университетінің «RealZealot» командасы жеңіп алды, екінші орынға “Өскемен политехникалық колледжі” КМҚК «Hard Skills» командасы және үшінші орынға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Ransom» командасы ие болды.
    Жеңімпаздарды облыс әкімі Даниал Аxметов құттықтады.
    Фестивальға 5 мыңнан астам адам қатысты.
    Күзде халықаралық IT-форум өткізуді жоспарлап отырмыз, онда өткен жылғыдай оқушылар мен студенттерге, сондай-ақ IT-компанияларға өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамыту үшін қолданбалы шешімдерді әзірлеуге гранттар бөлінетін болады.

    Похожие записи

    ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДА ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН БЕЙНЕРОЛИККЕ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ

    Фариза

    Қызылордадағы жолдар жаңартылуда

    Фариза

    Жамбылда жыл соңына дейін 82 мың га ауылшаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.