-9.1 C
Алматы
Понедельник, 9 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Біз ақшаға құнықпаймыз…» — Қанат Айтбаев

    Ерекше дауысымен әлемді тәнті еткен талантты әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар баласының гонорары мен қаржысының қайда жұмсалатындығы жайында айтып берді.

    Олардың айтуынша, Димаштың шығармашылығы қаржыны көп тапсам деген мақсатта емес.

    Қанат пен Светлана Айтабаевтардың сөзінше, әншінің тапқан қаражаты көбінде өзімен бірге жұмыс істейтін командаға төлеуге кетеді екен. Мысалы, Димаш сахнаға шыққанда оны 25 адамнан тұратын оркестр сүйемелдейді.

    «Сондай-ақ, Димашпен бірге сахнаға бишілер де шығады. Олардың ақысын баламыз өз гонорарынан төлейді», — деп айтты Қанат Айтбаев.

    Оның айтуынша, қазіргі таңда Димашқа Канада, Корея, Жапония, Франция, Германия және ТМД елдерінен ұсыныстар түсіп жатыр.

    «Димаш алдағы уақытта Мәскеуде жеке концертін береді де, бірден Германияға ұшып кетеді. Бір уақытта бірден гастрольді тур ұйымдастыра алмаймыз. Бәрі өз кезегімен болады», — деп айтты әншінің әкесі.

    Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 22 наурызында болатын Кремльдегі концертіне билеттер бірден сатылып кеткен. Сондықтан, 23 наурыз күні де концерт беру жоспарланды.

    «Ұйымдастырушылар Димашқа осындай ұсыныс тастады. Екі сағатқа созылатын концертте жанды дауыста ән шырқау үлкен жетістік болады. Бұл ұсынысқа Димаш қуана келісті. Сондықтан, Алла бұйыртса, ол Мәскеуде екі концерт өткізеді», — деді Қанат Айтбаев.

    Ол өз сөзінде Димаштың ақшаны тек өз пайдасы үшін таппайтынын айтып өтті. Ол үшін шығармашылық бірінші орында. «Сондықтан да, біз ақшаға қатты құнықпаймыз» деп, Димаштың жарнамаға көп қаражат жұмсамайтынын айтты.

    «Димаштың әндері 114 елде танылған, әр елде өзінің фан-клубтары бар. Көпшілігі Димаш мұны тек ақша үшін істейді деп ойлады. Бірақ, бұл – қате пікір. Мұның бәрі тыңдарманға деген махаббаттан жасалып жатқан дүние», — деп айтты Қанат Айтбаев.

    қатысты посттар

    Президент рэп оқып, желіні жарды (видео)

    «Данагүл Тасованы енді алаңға шығарып дүре соғамыз» — депутат Әлімжанов

    «Ішіме жын кірген дейді…» — марқұм Хамитованың досына жазған соңғы хаты

    Пікір қалдыру

    4 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.