11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жарияланады

    Тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысқан басты айыпталушыларға рақымшылық жасалмайды

    Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жарияланады. Бұл туралы мәлімдемені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

    «Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет Қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», – деді Мемлекет басшысы.

    Президент өз сөзінде тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысқан басты айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасаған және билікті күшпен өзгертуге әрекет еткен айыпталғандарға рақымшылық жасалмайтынын атап өтті.

    қатысты посттар

    Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсіні ашылды

    Фариза

    Денсаулық сақтау вице-министрі журналистерге жауап бере алмады – Смайылов

    Фариза

    Болат Назарбаев сотта бұрынғы әйелінен жеңіліп қалды

    Пікір қалдыру

    seven − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.