22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Прокурордың әйелімін” деген әйел кешірім сұрап, оқиғаның қалай болғанын айтты 

    Өзін “прокурордың әйелімін” деп күзетшіге балағат сөздерді қарша боратқан әйел оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Сонымен қатар күзетші істейтін мекеме және барлық прокуратура қызметкерлерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы Шымкент тұрғыны видеоүндеу түсіріп, ол бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды. Әйелдің айтуынша, оқиға болған күні мектеп жасындағы балаларын спорт клубына әкелген. Балаларына дүкеннен сусын алу үшін көлігін мекеме алдындағы тұраққа қойған. Алайда күзетші сыртқа шығып, көлігін алуды бұйырыпты. Келіншек мән-жайды түсіндіре бастағанда ол анасына қатысты боқауыз сөзді айтып, намысына тиген көрінеді.

    “Мен ол ғимаратқа кіріп, басшысын іздедім. Себебі балаларымның, өзімнің, анамның намысына тиетін сөз айтқаны үшін кешірім сұрағанын қаладым. Иә, мен де былапыт сөздерді айттым. Мекеме қызметкерлерінен кешірім сұрағым келеді. Кеше сот отырыс өтті. Сотта да мен шын мәнінде оқиғаның қалай болғанын айтып бердім. Ата-анамызға қатысты балағат сөздер айтуға ешкімнің құқығы жоқ”, — деді ол.

    Келіншектің айтуынша, өзі оқиға болған мекеме ғимаратының артында орналасқан спорт клубының мүшесі. Ондағы әкімшілік оған автотұрақты пайдалануға рұқсат берген екен.

    Аузынан былапыт сөздер шыққан әйел не үшін күйеуі прокурор деп айтқанын да түсіндіріп берді.

    “Жанжал кезінде күйеуім прокурор екенін ашу-ызамен айттым. Өйткені маған бірнеше қызметкер тап берді, тіпті қоқан-лоққы көрсете бастады. Шынымды айтсам, сол сәтте аузымнан не шығып, не қойғаны қазір есімде жоқ. Менің прокуратура қызметкерлеріне ешқандай қатысым жоқ. Осы ретте барлық прокуратура қызметкерлерінен кешірім сұрағым келеді”, — дейді ол.

    Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде “Қызылорда облысы прокурорының әйелі” деген жазбамен видео тараған болатын. Онда жас келіншектің күзетшімен жанжалдасып, балағат сөздер айтқанын байқауға болады. Қызылорда облыстық прокуратура видеодағы келіншек облыс прокурорының әйелі еместігін мәлімдеді. Кейінірек белгілі болғаны, бейнежазбадағы әйел Шымкент тұрғыны болып шықты. Оқиға Шымкентте болған.

    қатысты посттар

    Ай сайын бір отбасыға бір баспанадан… Айнұр Тұрсынбаеваның қайырымдылық қоры ашылды

    Фариза

    Зейнеткер өз ұлын балғамен ұрып өлтірді

    Фариза

    Шағын және орта бизнес салықтар мен әлеуметтік төлемдерден 6 айға дейін босатылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.