22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    ЖОО грантқа өтінім беру мерзімі ұзартылды 

    Талапкерлердің өтініштерін ескере отырып, білім беру гранттары конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылдың 22 шілдесін қоса алғанда 2 күнге ұзартылды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Бүгінгі таңда шекті межеден өткен 103 мыңнан астам талапкердің 80 мыңнан астамы жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына құжат тапсырған. 2021 жылы 88 000 үміткер шекті деңгейден өткен болса, гранттық байқауға небәрі 77 000 адам қатысқан. Осы көрсеткішті ескере отырып, биыл 92 мың өтініш қабылданады деп күтілген.

    Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу және құжаттарды тапсыру үшін талапкерлердің жеке куәлігі, ҰБТ сертификаты, орта білім туралы аттестат болуы тиіс. Медициналық анықтама тамыз айында басталатын университетке түсу кезінде ғана қажет.

    қатысты посттар

    Барлық өңірде мектеп директорлары жаппай ауыстырылады

    Фариза

    Депутат үштілді оқыту жүйесін тоқтатуды талап етті

    Фариза

    Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсетінін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.