29 C
Алматы
Сейсенбі, 16 Тамыз 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    «Бір малды басқасының көз алдында бауыздамау керек” Құрбандық малы қалай сойылады?

    Құрбандық — Алла жолына арнап шалынатын мал. Құрбандыққа мал шалу дәстүрі ислам тарихында өз ұлы Исмаилды Алла ризалығы үшін құрбан етпек болған Ибраһим пайғамбарға байланысты шыққан. Құрбан айт кезіндегі құрбандық үшін малдың үш түрін: түйе, сиыр, қой не болмаса ешкі союға болады. Құс союға болмайды, ал жылқы малы Имам Ағзам жолы бойынша соғыс көлігі саналып, құрбандыққа жатпайды. Құрбандыққа қой мен ешкінің бір жасқа толғаны, түйенің бес, сиыр мен өгіздің екі жастағысы сойылады. Бұлардың дене мүшелері түгел әрі сау болуы шарт. Құрбандық етінің үштен бірі отбасына қалдырылады, екінші жартысы тұрмысы нашар ағайын-туысқа, үшінші бөлігі кембағалдарға таратылады.

    Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім құрбан шалу кезінде рақымшылдық танытса, соған Қиямет күні Алла Өзінің рақымын танытады», –  деген. (Бұхари)

    Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Алла барлық нәрсені жақсылап орындауды бұйырды, әрі егер (малды не жәндікті) өлтіру тура келіп жатса, оны жақсы тәсілмен жасаңдар және мал бауыздаған кезде де, оны ең жақсы үлгіде істеңдер. Әрі сендердің әрқайсың өз пышағын дұрыстап қайрап алсын және малды қиналудан құтқарсын»,– деген. (Муслим)

    Сахаба Ибн ‘Аббас былай деген: «Бірде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне қарап жатқан қойдың тұмсығына аяғын қойып, пышағын қайрап тұрған адамның жанынан өтіп бара жатты. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамнан: «Сен неге оның жамбасын жерге тигізбей тұрып пышағыңды қайрап алмадың? Оны екі рет өлтірмексің бе?!» – деп сұрады». (Табарани).

    Имам Ахмад «Малды бауыздар орнына жұмсақтықпен және олардан пышақты жасырып алып бару керек, әрі оны тек бауыздар кезде ғана шығару керек», – дейді.

    Ал имам ан-Нәуауи: «Бір малды басқасының көз алдында бауыздамау керек»,-деген.

    Айта кетейік, құрбандықты жақсылап орындау деген малдың тамағы мен мойын тамырларын тез кесу дегенді білдіреді.

    Сондай-ақ, Жәбирден жеткен хадисте: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрбан шалған кезде, жануарды Қағба жаққа қаратты»,- деп хабарланады. (Әбу Дәуіт)

    Демек Құрбандықты келесі тәсілмен орындайды:

    1. Малды сатып алғанда құрбандыққа жарамды ететін қажетті сипаттарын әрі жасын тексеріп алыңыз
    2. Малды қинамау үшін пышағыңыз өткір болсын әрі оны малдың көзінше қайрамаңыз;

    3. Бір малды екінші малдың көзінше бауыздамағаныңыз абзал;

    4. Жүзін қыбыла жаққа бұрыңыз;

    5. Малды бауыздардан алдын; (жәй үйге ет үшін қой сойған кезде де) «Бисмилляһи Аллаһу акбар»,құрбан айтта шалынатын мал болса «Бисми-Лләһ, уа-Ллаһу Әкбар. Аллаһумма тақаббәл-минни»,- деп айтыңыз;

    6. Тез әрі сауатты бауыздаңыз. Екі тамырдың кесілгенін қадағалаңыз;

    7. Етін үшке бөлгеніңіз жөн:

    А) Бір бөлігін өзіңізге алып қалыңыз. 

    Б) Екінші бөлігін ағайын- туыс көрші қолаңға асыңыз. 

    В) Үшінші бөлігін кем-кетік, жетім-ғаріптерге, мұқтаждарға үлестіріңіз;

    8. Құрбан шалынған қойдың терісі мен ішек-қарынын, басы мен сирағын қасапшының ақысы ретінде бермеңіз әрі сатпаңыз. Үлестіріңіз, садақа жасаңыз; 

    9. Үйіңізден ештеңе жемей шығып, кейін алып қалған бөлігін асып, өз шалған құрбандығыңыздың етінен  ауыз тиіңіз. 

    Похожие записи

    Биыл қазақстандықтар ауызашарсыз да үлкен қажылықсыз да қалмақ

    Фариза

    “Ондаған адам қаза болды” Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым

    Фариза

    “Малға беретін бір табақ кебекті тамақ қылдық” Аяғы ауры кезінде Сирияға кеткен әйел сұмдық оқиғалармен бөлісті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.