15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Дикий Арманның” қаңтарда қанша ақша таратқаны белгілі болды

    Бас прокуратура “Дикий Арман” лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты тергеу материалдарын жариялады.

    Ол қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылардың бірі ретінде қамауға алынған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаевтың айтуынша, қылмыскерлер 10 адамнан бөлініп, әрбір адамның міндетін айқындап алған. Өз араларынан басшылар сайлаған. Оларға бронды кеудеше мен басты қорғайтын құралдар берілді.

    Осы ретте Арман Жұмагелдиев пен оның сыбайластарының рөлі ерекше. Атап айтқанда, 6 қаңтарда оның қылмыстық тобына қатысушылардың біріне және Алматы қаласында “Қазақстан” қонақ үйіне келгендерге “Glock” және “Макаров” маркалы тапаншалары таратылды, — дейді Серік Шалабаев.

    Ол қарудан бөлек, жақтастарына 200 мың теңге ақша бергенін де айтты.

    Қатардағы серіктестері суық қару мен денеге зиян келтіруге болатын басқа да заттар алды. Ерекше белгі ретінде барлық қатысушының сырт киімінің жеңіне ақ мата таққан, — дейді бас прокуратура өкілі.

    Шалабаев атағандай, қылмыскерлер қаланың әртүрлі мекенжайынан 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып соққан.

    “Ритс-Карлтон” және “Қазақстан” қонақ үйлерінің паркингтерінде ұстаған. Артынан жәбірленушілер қаланың шетіне шығарылып, темір контейнерге қамалды. Сол жерге күзет қойылған, — дейді ол.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысына Түркиядан өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді

    Фариза

    Қызылордалық кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға азық-түлік қоржынын үлестірді

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова егін жинау жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқтауды тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.