9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Үйлену тойында қалыңдығын ұрды: Желіде қызу талқыланған видеоның мән-жайы айтылды

    Өзбекстанда күйеу жігіт үйлену тойында конкурстан жеңіліп қалып, қалыңдығын ұрып-соқты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр, – деп хабарлайды Gazeta.uz.

    Өзбекстанның отбасы және әйелдер мемлекеттік комитетінің мәліметінше, оқиға 6 маусымда Сурхандария облысының Ұзын ауданындағы Толтугай махалласында Р.Х. (1997 жылы туған) мен А. Д. (2003) үйлену тойында болған. Той күйеу жігіттің үйінде өткен. Тойда тәттілерге байланысты байқау болған, оның мақсаты – кәмпиттерді тез ашу. Конкурсты қалыңдық жеңеді, кейін жұбайы оны басынан ұрып салады. 

    Сузун ауданының ішкі істер басқармасы оқиғаны зерттеп, күйеу жігіт және қалыңдықпен, сонымен қатар, олардың ата-аналарымен “профилактикалық әңгіме” өткізді. 

    “Азамат Р.Х. іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері табылып, оның құжаттары Ұзын аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотқа жіберілді”, – делінген комитет хабарламасында.

    Басылым мәліметінше, ер адамға қатысты әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 183-бабы бойынша әкімшілік іс ашылған (“Ұсақ бұзақылық” 3-тен 5-ке дейін базалық есептік айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады).

    қатысты посттар

    “Мектепте дискотека жасап, әр баладан 200 теңгеден ақша жинайды” – Тараздық ұстаз директордың былығын жайып салды

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ВОЛОНТЕРЛЕРІНЕ ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

    Фариза

    «Қызымның үсті көгерген»: Назым Алдаштың анасы жаңа жайттарды айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.